Соңғы жаңалықтар
Болашақ ұшқыштары
Қарашаның 19 күні «Эйр Астана» АҚ ұшқыштарды алғашқы дайындау ab-initio бағдарламасы жөнінде баспасөз маслихатын өткізді. Үш ай ішінде әуе компанияда өткен іріктеуден 8 үміткер өтті. Жуық арада олар теорияны оқу үшін САРТ американдық мектебіне аттанады, онда 56 апта ішінде оқып, ұшқыштың кәсіби сертификаттарына ие болады.
Питер Фостер, «Эйр Астана» АҚ президенті: «Қазіргі уақытта әуе компанияда 300 ұшқыш жұмыс істейді. Негізі, бұл жергілікті кадрлар, шетел ұшқыштары 15-20% құрайды. Әуе паркінде 21 ұшақ бар, сонымен қатар 2022 жылға дейін «Эйр Астана» флоты 63 ұшаққа дейін көбейеді. Ұшқыштар тұрақты түрде қабылданып жатыр, дегенмен әуе компанияның қарқынды дамуымен және жоғарғы талаптармен байланысты жергілікті рынокта қызметкерлер жеткіліксіз. 2012 жылға дейін «Эйр Астана» әуе компаниясы 300 ұшқыш қабылдау тиіс, одан кейін олардың саны өсе бермек. Кадрлар тапшылығы мәселесін шешу үшін «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшқыштарды өз күшімен ab-initio бағдарламасы бойынша даярлауға бел буды.
Аb-initio бағдарламасы бұрын ұшқыш болып істемеген және физика, математика және ағылшын тілін жақсы білетін Қазақстан азаматтарын оқытуға арналған. Үміткерлер тұрақты түрде төрт саты бойынша іріктелмек. Бірінші сатыға әңгімелесу, медициналық комиссияны өту және психологиялық тест енеді. Екінші сатыда (Compas) ұшқыштар қабілеттеріне компьютерленген баға беріледі. Мұнда математика мен физикадан тестілер, психометрикалық тест, ICAO стандарттары бойынша ағылшын тілін бағалау кіреді. Үшінші саты команда қалыптастыру жаттығуларынан тұрады. Соңғы сатыға дейін жеткен үміткерлер пилотаж тренажерінде оқуға қабілеттілігі тексеруден өтеді.
Бағдарламаға қатысу үшін 176 адам ниет білдірді. Олардың ішінде 119 үміткерлер әңгімелесуге рұқсат етілген, 36 адам екінші сатыға өтті, тек 8 адам ғана 14 -16 айдан кейін «Эйр Астана» әуе компаниясында екінші пилот ретінде жұмыс істей алады.
«Эйр Астана» әуе компаниясы оқудың 100% өз мойнына алады, бірақ 50% ұшқыштардың жалақысынан алынады. «Эйр Астана» болашақ пилоттарға лайықты еңбекақы төлемек, және бұл оларға несиені қиналмай өтеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, әуе компания қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға барлық жағдай жасап, жыл сайын жалақыларын көбейтеді және әлеуметтік пакетін береді.
«Эйр Астана» әуе компаниясы ұшқыштарды болашақта Қазақстанда оқыту мәселесін қарастыруда. «Эйр Астана» мен САРТ мектебі Алматыда ұшқыштарды американдық тәсіл бойынша оқыту орталығын құру туралы ниет хатқа қол қойды. Тараптар ab-initio бағдарламасына сәйкес тиімді әріптесу нәтижесі қазақстандық ұшқыштар мектебі жобасын сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеді.
***
Air Astana әуе тасымалы қауымдастығының толық құқықты мүшесі және әуе кемелеріне еуропалық EASA/Part 145 стандарттары бойынша техникалық қызмет көрсету сертификатын алған Қазақстандағы бірегей компания болып табылады.
***
«Эйр Астана» АҚ – “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен ағылшындық «BAE System» компанияларының бірлескен компаниясы, акциялық үлесі тиісінше 51% және 49%.
Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуекомпаниясының әуепаркі B767-300, В757-200, А321, А320, А319 және F50 ұшақтарынан құрайды.
жаңалықтарға оралу





