Nomad Club

Қатысушы нұсқауы

Қазір: Nomad Club > Қатысушы нұсқауы

Қазақстандағы ең бірінші жолаушыларды ынталандыру бағдарламасының мүшесі болуыңызбен құттықтаймыз! Сіз Эйр Астана бағыттары бойынша ұшатын ішкі және халықаралық сапарларыңызда тегін әуебилетi немесе қызмет көрсетілу классын жоғарлату мүмкіндігіне ие болу жолындасыз. «Nomad Club» – бізді қолдағаныңыз және таңдағаныңыз үшін Сізге білдірген алғысымыз!

«Nomad Club» мүшесі ретінде Сіз Эйр Астананың ұшуларында ұпай жинай аласыз. Ұпайлар сондай-ақ біздің серіктес компаниялардың қызметтері мен тауарларын пайдаланғаныңыз үшін беріледі. Біз серіктес компаниялармен ұзақ мерзімді қызметтестік орнатуға және олардың санын арттыруға барлық күшімізді саламыз. Бұл Сізге ұпайларды аспанда ғана емес, жерде де жинауға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қызмет барысымен немесе демалу үшін сапар шексеңіз, тек Эйр Астана әуекомпаниясын таңдаңыз. Ұпайларыңыз өте тез жиналады!

Осы нұсқаулық ұпайларды қалай жинау, оларды қалай пайдалануға байланысты және тағы басқа маңызды сұрақтарға толық жауап береді. Зейін салып оқыңыз және келешек пайдаланысқа сақтап қойыңыз.

«Nomad Club» Шарттарының толық нұсқасымен таныса аласыз.

Қосымша ақпарат үшін төмендегі байланыс бойынша хабарласыңыз:
nomadclub@airastana.com
+7 727 244 55 30

«Nomad Club»-тың Қолдау Орталығы Алматы уақыты бойынша, дүйсенбі – жұма, 09.00 – 18.00 уақыт
аралығында қызмет атқарады. 

«NOMAD CLUB» ҰПАЙЛАРЫН ЖИНАУ

Төменде көрсетілген ережелердің көмегімен «Nomad Club» ұпайларын өте оңай жинайсыз.

Сіздің 9 сандық мүшелік нөміріңіз мүшелік картаңызда көрсетілген. 

Нөмір картаның үзіп алынған уақытша түрі, көк, күміс немесе алтын екендігіне қарамастан үнемі бірдей болады.

Мүшелік нөміріңізді он-лайн арқылы билетке тапсырыс жасағанда, Эйр Астана брондау орталықтарында
немесе қалаған агенттікте міндетті түрде ұсыныңыз. Өз нөміріңізді әрдайым көрсетіп отырған жағдайда,
ұпайлардың барлығы Сіздің дербес шотыңызға автоматты түрде түсіп отырады.

Егер Сіз нөміріңізді брондау кезінде көрсетпей немесе ұмытып қалған болсаңыз, нөмірі бар картаңызды
рейске тіркеу кезінде әуекомпания қызметкеріне міндетті түрде көрсетуіңізді сұраймыз.

«Nomad Club» ұпайлары

Марапатқа алмастырылатын ұпайлардың екі түрі бар: ұшу ұпайлары және бонус ұпайлары.

Ұшу ұпайлары тек Эйр Астана ұшуларында саналады және ұпай санының артуына қарай Сіз күміс немесе алтын дәрежеге ие бола аласыз.

Бонус ұпайлары, негізінде, серіктес компаниялардың қызметі мен тауарларын тұтынғаныңыз үшін беріледі. Алайда, әуекомпания кейде кейбір арнайы бағыттар бойынша ұшу ұпайларының үстіне бонус ұпайларын тағайындайды. Мысалы, бизнес класста ұшатын жолаушылар осы класс қызметі бойынша 50% бонус ұпайларына ие болады. Бонус ұпайлары Сіздің барлық жаратылатын ұпайлар санына қосылады және марапатқа алмастырылады, бірақ Сіздің күміс және алтын дәреже мүшесі ретінде көтерілуіңізге әсер ете алмайды.

«Nomad Club» күміс және алтын дәрежелері туралы толық ақпарат нұсқаулықтың арнайы бөлімінде орналасқан.

Ішкі бағыттар

Қазақстан ішкі бағыттары бойынша Сіз бір жақ сапарыңыз үшін төмендегідей тұрақты ұпай санын жинай аласыз:


Сапар Эконом класс
Y B H K L T Q
Бизнес класс
J C D Z
1-ші немесе 2-ші зона ішінде
300 ұпай 450 ұпай
1 және 2 зона араcында
600 ұпай 900 ұпай

Зона 1: Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Петропавл,
Семей, Тараз, Шымкент
Зона 2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал.
Ескертпе: Бизнес класс кейбір ішкі бағыттарда болмауы ықтимал


 
  Өз билетіңіз бен отырғызу талонын ұпай ақпараты есеп-шот қағазына түскенше сақтаңыз. Егер есеп - шот қағазында саналмай қалған ұпайлар болса, оларды қайтару үшін Сізден билет пен отырғызу талонының түпнұсқасы талап етіледі.

Халықаралық бағыттар

Халықаралық бағыттар бойынша ұпайлар ұшып шыққан қала мен соңғы бару нүктесі аралығындағы арақашықтық пен сатып алынған және билетте көрсетілген ұшу классына байланысты есептеледі.


Ұпайлар тегін немесе құны өте азайтылған және тағы басқа арнайы билеттерден басқа барлық билеттер
бойынша саналады. Толық ақпарат үшін «Nomad Club» Ережелері мен Шарттарын қараңыз.

Егжей-тегжейлі ақпаратты «Nomad Club»-тың Ережелері мен Шарттарынан алуға болады.

 

Халықаралық бағыттар бойынша берілетін «NOMAD CLUB» ұпайлары

Сапар Эконом класс
Бизнес класс
Y B H K L T Q S V J C D Z
Алматы Анталья 3070 2456 1228 3684
Баку 1745 1396 698 2094
Бангкок 3096 2477 1239 3716
Бішкек 159 127 63 190
Ганновер 3843 3074 1537 4611
Дели 1278 1022 511 1533
Дубай 2186 1749 875 2624
Куала Лумпур 3969 3175 1587 4762
Лондон 4349 3479 1740 5219
Мәскеу 2408 1926 963 2889
Бейжин 2445 2036 1018 3054
Сеул 3251 2601 1301 3902
Стамбул 3055 2428 1214 3642

Франкфурт 3963 3162 1581 4743
Астана Ганновер 3199 2559 1280 3839
Дубай 2465 1972 986 2958
Мәскеу 1765 1412 706 2118
Новосибирск 666 533 266 799
Үрімші 1100 880 440 1320
Франкфурт 3343 2674 1337 4011
Ыстамбұл 2649 2119 1060 3179
Ақтау Мәскеу 1260 1008 504 1512
Атырау Амстердам 2621 2097 1049 3146
Ыстамбул 1509 1207 604 1811
Қостанай Ганновер 2744 2195 1098 3293
Франкфурт 2889 2311 1156 3467
Карағанды Ганновер 3335 2668 1334 4002
Франкфурт 3480 2784 1392 4176
Орал Амстердам 2460 1968 984 2952
  • Бағасы шегерілген эконом классында (брондау классы B,H,K,L) сапар шегетін жолаушылар 100% ұшу ұпайына ие болады
  • Бағасы үнемді мөлшерде шегерілген эконом классында (брондау классы T,Q,S,V) сапар шегетін жолаушылар 50% ұшу ұпайына ие болады
  • Эконом классында (брондау классы Y) сапар шегетін жолаушылар 100% ұшу ұпайына және 25% бонустық ұпайға ие болады
  • Бизнес классында (брондау классы J,C,D,Z) сапар шегетін жолаушылар, 100% ұшу ұпайына және 50% бонустық ұпайға ие болады

Билетте көрсетілген ұшу нүктелері арасындағы арақашықтық мильмен өлшенеді және ол Халықаралық Әуе Көлігі Қауымдастығымен (IATA) жарияланады.

Жоғарыдағы кесте тек тікелей рейстерде жиналатын ұпайларды көрсетеді. Кейде тікелей рейс бір немесе бірнеше аялдамаларды қамтиды, бірақ рейс нөмірі бұған қарамастан өзгермейді. Егер халықаралық бағыт қосымша ішкі рейстерді/аялдамаларды қамтыса, ішкі бағыт арасындағы ұшу ұпайлары, бөлек, ішкі бағыттар бойынша берілетін ұпайлар кестесіне сай есептеледі.

ҰПАЙ БАЛАНСЫН ТЕКСЕРУ

Егер Сіз өз балансыңызды тоқсан ішінде үнемі толықтырып отырсаңыз, Сізге жеке есеп-шот қағазы әр тоқсан сайын жіберіліп тұрады.

Сіз өз балансыңызды кез-келген уақытта біздің веб-сайттан тексере аласыз. Сіздің орындаған ұшуыңыз немесе серіктес компаниялар қызметтері мен таурларын пайдаланғаныңыз үшін берілетін ұпайлар есеп-шотыңызға бірнеше күнде түсуі тиіс. Егер Сіз 30 күннің ішінде өз ұпайларыңызды ала алмасаңыз, жоғалған ұпайларды қайтару үшін өтініш жасауыңызға болады.

ЕСЕПТЕЛМЕГЕН ҰПАЙЛАРДЫ ҚАЙТАРУ

Сіз есептелмеген ұпайларды ұшудан кейін 12 ай ішінде қайтара аласыз. «Nomad Club» Бағдарламасына тіркелу алдында жасаған ұшулар үшін ұпайлар берілмейді.

NOMAD CLUB ҰПАЙЛАРЫН ЖАРАТУ

«Nomad Club» Эйр Астананың кез-келген бағытына тегін билет немесе қызмет көрсетілу классын жоғартлатуды ұсынады. Сіз таңдаған марапатқа қанша ұпай керек екендігін марапат кестесінен іздеңіз.

«Nomad Club» Марапат Кестесі

Бағыт Ұшу марапаты Қызмет көрсетілу
классын
жоғарлату (бір бағытта)
Эконом
(барып-
қайту)
Бизнес
(барып-
қайту)
Қазақстан іші - Зона 1 немесе
Зона 2 іші
20,000 30,000 15,000
Қазақстан іші – Зона 1 және Зона
2 арасы
30,000 45,000 20,000
Қазақстан, Зона 1 және Зона 2 –
Ресей (Мәскеу )(Ақтау-Мәскеу қосылмайды)
40.000
(25,000)
60,000
(35,000)
25,000
(15,000)
Қазақстан Зона 1 – Таяу Шығыс 40,000 60,000 20,000
Қазақстан Зона 2 – Таяу Шығыс 50,000 75,000 25,000
Қазақстан Зона 1 – Индия 30,000 45,000 15,000
Қазақстан Зона 2 – Индия 40,000 60,000 20,000
Қазақстан 1және 2 Зоналары –
Еуропа (Атырау-Ыстамбұл
қосылмайды)
50,000
(30,000)
75,000
(45,000)
30,000
(15,000)
Қазақстан Зона 1 - Оңтүстік Шығыс
Азия/ Қиыр Шығыс
60,000 90,000 30,000
Қазақстан Зона 2 - Оңтүстік Шығыс
Азия/ Қиыр Шығыс
65,000 100,000 35,000
Қазақстан Зона 1 -Батыс Қытай 25,000 35,000 15,000
Қазақстан Зона 2 - Батыс Қытай 40,000 60,000 20,000
Қазақстан Зона 1 - Қырғызстан 20,000 30,000 15,000
Қазақстан Зона 2 - Қырғызстан 30,000 45,000 20,000
Қазақстан Зона 1 - Әзірбайжан 40,000 60,000 20,000
Қазақстан Зона 1 - Ресей (Новосибирск) 25,000 35,000 15,000
Қазақстан Зона 2 - Ресей (Новосибирск) 30,000 40,000 20,000

Қазақстан Зона 1: Алматы, Астана, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен,
Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Шымкент
Қазақстан Зона 2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал
Ресей: Мәскеу, Новосибирск
Таяу Шығыс: Дубаи
Индия: Дели
Еуропа: Амтсердам, Анталья, Франкфурт, Лондон, Ыстамбұл
Оңтүстік Шығыс Азия, Қиыр Шығыс: Бангкок, Бейжин, Сеул, Куала Лумпур
Батыс Қытай: Үрімші
Қырғызстан: Бішкек
Әзірбайжан: Баку

Кестеде марапатқа қажет ұпай талаптары барып-қайту жолына негізделген. Бірақ Сіз өз қалауыңызша бір бағыт марапатына ие бола аласыз. Бұл жағдайда таңдаған бағытыңыз бойынша кестеде көрсетілген ұпайлардың жартысы қажет етіледі. Сондай-ақ Сіз Бизнес және Эконом класс марапаттарын жарты-жартыдан құрамдастыра аласыз. Біз Сіздің ыңғайыңыз үшін марапат алуды мүмкіндігімізше икемді етуге тырысамыз.

Қызмет көрсетілу классын жоғарлатуға қажет ұпай талаптары бір бағытқа негізделген. Бұл марапатты алу үшін Сіздің қолыңызда расталған және жазылып берілген әуе билеті болуы қажет.

Марапатыңызды алу тәртібі:

Ұшу марапаты

  1. Таңдаған марапатыңызды алу үшін қажет ұпайлардың бар екендігін өз есеп-шотыңыздан тексеріңіз.
  2. Эйр Астана жергілікті Брондау және Сату Орталығына хабарласып, ұшу марапатын алғыңыз келетіндігі туралы хабарлаңыз. Билетке тапсырыс ұшарға дейін кемінде 5 күн ішінде жасалуы қажет. Кез-келген туристік агенттік марапат ұшу билетін брондауға тапсырысты қабылдай алмайды және оны жазып бере алмайды.
  3. Эйр Астана жергілікті Брондау және Сату Орталығының қызметкері марапат әуе билетін қашан, қалай және қайдан алуды түсіндіреді.
  4. Марапат әуе билетін алу үшін паспортыңызды ұсыныңыз. Қосымша алымдар ұшу билетін жазып берілетін жерде төленуі қажет.

Қызмет көрсетілу классын жоғарлату марапаты

  1. Таңдаған марапатыңызды алу үшін қажет ұпайлардың бар екендігін өз есеп-шотыңыздан тексеріңіз.
  2. Эйр Астана ұшуларында марапатқа рұқсат етілген Эконом класс (Y, B, H, K, L, T, Q, S, V) әуе билетін сатып алыңыз.
  3. Эйр Астана жергілікті Брондау және Сату Орталығына хабарласып, қызмет көрсетілу классын жоғарлатуға өтініш жасаңыз. Өтінішті ұшарға дейін кемінде 5 күн ішінде жасауыңыз қажет.
  4. Қолдау Орталығының агенттері Сіздің өтінішіңіздің расталғандығын біраз уақыттан кейін хабарлайды, және қажет болған жағдайда, әуе билетін қайта көшіру үшін Эйр Астана Брондау және Сату Орталығына келуіңізді сұрайды.
 
  Қызмет көрсетілу классын жоғарлату үшін қойылатын мезгілдік шектеу кезеңдері жоқ. Алайда, марапат орындары шектеулі. Марапатқа уақытында ие болу үшін ертерек өтініш беруіңізді сұраймыз. Сіздің ұшу күндеріңіздің өзгерістерге иекмді болуы, марапат орнының тез табылуына үлесін қосады.

Элит дәрежелері

Біз өзіміздің аса жиі ұшатын жолаушыларымызға қосымша артықшылықтарды ұсынуға қуаныштымыз.

Сіздің «Nomad Club» Күміс және Алтын дәрежелерінің мүшесі болуыңыз үшін, Сіз ұшу ұпайларын жинау талаптарын бір жыл ішінде орындап шығуыңыз керек. Қажетті дәрежеге жетуіңізден кейін, Сізге элит дәрежесінің картасы жіберіледі. Сол мезеттен бастап Сіз мынадай түрлі артықшылықтарға ие бола аласыз:

  • Элит бонус ұпайлары – 25% немесе 50% ұшу ұпайларына қосымша ұпайлар
  • Тіркелу кезіндегі артықшылық – «Nomad Club» Күміс және Алтын дәрежелі мүшелер Эконом класспен ұшса да, Бизнес класс тіркеу орындары бар жерде қызмет көрсетілу
  • Қосымша жолжүгі – рұқсат етілген жолжүгі үстіне 10 немесе 20 кг қосымша жолжүгіне рұқсат
  • Бизнес класс күту залына рұқсат – «Nomad Club» Алтын мүшелері халықаралық бағыттарда Бизнес немесе Эконом класс бойынша сапарға шығу алдында әуежайларда бар Бизнес класс күту залына шақырылады.

Біз Сіздің Эйр Астанамен бірге орындайтын сапарларыңыздың жайлы және рақат болуы үшін түрлі артықшылықтарды табуға және ұлғайтуға барлық мүмкіндігімзді саламыз.

«NOMAD CLUB» Күміс және Алтын квалификацияларының
талаптары мен артықшылықтары

Nomad Club Элит дәрежесі Квалификация Артықшылық


Күміс
25,000 ұшу ұпайлары
немесе
30 ұшу сегменті
  • 25% Бонус ұпайлары
  • Тіркеу кезіндегі
    артықшылық
  • 10 кг қосымша жолжүгіне
    рұқсат
  • Мүше аты енгізілген жеке
    жолжүк белгісі
  • Ай сайын жіберілетін
    есеп-шот


Алтын
50,000 ұшу ұпайлары
немесе
60 ұшу сегменті
  • 50% Бонус ұпайлары
  • Тіркеу кезіндегі
    артықшылық
  • Бизнес класс күту залы
  • 20 кг қосымша жолжүгіне
    рұқсат
  • Мүше аты енгізілген жеке
    жолжүк белгісі
  • Ай сайын жіберілетін
    есеп-шот

 
  Бизнес класс күту залдары барлық халықаралық бағыттармен қоса Алматы, Астана қалаларында бар.