Nomad Club

Шарттар

Қазір: Nomad Club > Шарттар

1. Кіріспе

«Nomad Club» Эйр Астана әуекомпаниясының жолаушыларды ынталандыру бағдарламасы. «Nomad Club» мүшелері Эйр Астана әуекомпаниясының рұқсат етілген бағыттарында және серіктес компаниялардың қызметі мен тауарларын пайдалану арқылы ұпай жинай алады. Ұпайлар тегін әуе билеті және тағы басқа марапаттарға алмастырылады.

«Nomad Club» бағдарламасына қатысу осы Шарттар мен Ережелерге бағынышты және қатысушының өтініш қағазды жібергеннен кейін немесе он лайн тәртібінде «Жіберу» белгісін басқан кезде осы Шарттар мен Ережелерге толық келісетіндігін білдіреді.

2. Мүшелік

а. «Nomad Club» бағдарламасына мүшелік екі (2) жастан асқан тұлғалар үшін ашық. Егер өтініш қағаз кәмелетке толмаған балаға (16 жастан кіші) толтырылатын болса, ата –анасының немесе қамқоршысының қолы қойылуы тиіс. Мүшелік жанұяларға, топтарға, компанияларға, трест – компанияларға, серіктестік компанияларға, үкімет әкімшіліктері мен агенттіктеріне және тағы басқа ұқсас ұйымдарға берілмейді.

ә. Жергілікті заңдар мен тыйымдарға сай «Nomad Club» мүшелігі өтініш қағазын толық толтырған кез – келген мемлекет азаматына рұқсат етіледі. Өтініш қағаз толық толтырылмаған жағдайда, Эйр Астана өтініш қағазды қабылдамауға немесе өтінішкерден қосымша ақпаратты талап етуге құқылы. «Эйр Астана» өтінішкерге, өз шешімі бойынша, мүшелік тағайындамауға құқығы бар. Эйр Астана жоғалған өтініш қағазы немесе соның кесірінен өте жай тіркелгені үшін жауап бермейді.

б. Мүшелікке өтініш Эйр Астанаға мүшенің жеке ақпаратын сақтау және өңдеу, сондай-ақ түрлі зерттеулер, маркетинг, тұтынушыға қызмет көрсету және ақпаратпен алмасу үшін қажет етіледі. Заңдар негізінде талап етілген жағдайда ғана, бұл ақпарат, мүшеге хабарлануынсыз немесе хабарлануымен, үкімет органдарына берілуі мүмкін.

в. Мүшелер өз ақпаратын өзгерту үшін жазбаша түрде өтініш жасап немесе он-лайн тәртібінде кез – келген уақытта өзі өзгертуі мүмкін. Мүшелер «Nomad Club» -қа дұрыс телефон нөмірі, мекен – жайы, электрондық пошталарымен қамтамасыз етулері қажет және мұндай ақпаратқа өздері жауапты. Егер мүшенің мекен-жайы қате болған жағдайда және соның кесірінен, марапат немесе басқа қажетті ақпарат материалдары жеткізілмей қалған жағдайда, Эйр Астана жауапкершіліктен босатылады. Мүшенің аты немесе тегінің өзгеруі бағдарламада қабылданады, бірақ оған дәлел ретінде төлнұсқа заң құжаттары талап етіледі.

г. Әрбір мүше тек бір мүшелік нөмірге ие бола алады. Бірнеше адамдардың бір мүшелік нөмірге немесе бір адамның бірнеше мүшелік нөмірге ие болуы мүмкін емес. Егер бір мүше бірнеше мүшелік нөмірге ие болған жағдайда, Эйр Астана екі нөмірдің біреуін жабуға/жоюға құқығы бар.

ғ. Эйр Астана мүшелікті тоқтатуға және мүше келеңсіз жағдай туғызып, бұзықтық көрсетсе немесе Шарттар мен Ережелерге бағынбайтын болса, мүшелік картаны немесе марапаттарды дұрыс пайдаланбайтын болса, барлық жиналған ұпайларды жоюға құқығы бар. Мүше барлық жасаған зақымдарға, дау және соған байланысты орын алған шығындарға жауапты.

д. Мүшелер өз мүшелігін жазбаша түрде өтініш жазу арқылы кез – келген уақытта тоқтатулары мүмкін. Мүшелікті тоқтатқан мезеттен бастап, барлық жиналған ұпайлар жойылады.

е. «Nomad Club» мүше қаза болғаны туралы хабарлауын алатын болса, мүшелікті тоқтатады және жиналған ұпайларды жояды. Ерекше жағдайда, «Nomad Club» жаратылмаған ұпайларды жақын туысының шотына аударуы мүмкін. Ол үшін дәлел ретінде туыстық құжаттардың түпнұсқалары талап етіледі.

3. Мүшелік карта

а. Тұрақты мүшелік карта мүшеге, мүше есеп – шотында бірінші ұшу жасалғаны туралы ақпарат тіркелгеннен соң, 2-4 апта ішінде пошта арқылы жіберіледі. Бұл картаны картада жазылған тұлға ғана пайдалана алады. «Nomad Club» картасы кредиттік, дебет немесе АТМ картасы болып табылмайды. Карта тек Эйр Астана меншігі болып табылады және талап етілген жағдайда Эйр Астанаға қайтарылуы тиіс. Эйр Астана кез-келген уақытта мүшені анықтау үшін немесе ұпайларды шоттан алу үшін мүше картасын ұсынуды талап етуге құқылы.

б. Тұрақты карта жіберілмес бұрын, мүшелер уақытша картаны пайдалана алады. Ол өтініш қағаздан қиып алынады немесе он – лайн тәртібінде тіркелген жағдайда Эйр Астана веб – сайтынан компьютер арқылы басып шығарылады. Мүше аты уақытша картаның арнайы ақ бағанында жазылмаған болса, жарамсыз болып саналады.

в. «Nomad Club» Күміс және Алтын дәрежелі мүшелік карталарында пайдалану мерзімі көрсетіледі және осы уақыт аралығында Элит мүшесі ретінде қосымша түрлі артықшылықтарға ие екендігін білдіреді. (6-шы тарауды қараңыз, «Nomad Club» -тың Элит Дәрежелері және Артықшылықтар).

г. Егер мүшелік карта жоғалған немесе ұрланған жағдайда мүшелер бұл жөнінде міндетті түрде «Nomad Club» Қолдау Орталығына хабарлауы тиіс. Карта бірінші рет ауыстырылса тегін жасалады. Алайда екінші немесе келесі бірнеше ауыстыруларға Эйр Астана төлем-ақы тағайындауы мүмкін.

4. Ұпай жинау

«Nomad Club» ұпайларын жинау өлшемі ұпай болып саналады. Ұшу ұпайлары Эйр Астана әуекомпаниясы арқылы ұшу үшін беріледі. Бонус ұпайлары серіктес компаниялар мен кейбір Эйр Астана арнайы шаралары үшін беріледі.

а. Эйр Астана әуекомпаниясы арқылы ұшу үшін берілетін ұпайлар

1. Қазақстан ішіндегі бағыттар бойынша тұрақты ұшу ұпайлары беріледі. Олар бір бағыттағы сапарға негізделіген және ұшу зоналары мен сатып алынған және әуебилетінде көрсетілген билет классына сай есептеледі:

Ұшу бағыты Эконом класс
Y B H K L T Q
Бизнес класс*
J C D Z
Зона 1 және 2 300 ұпай 450 ұпай
Зона 1 және 2 арасы 600 ұпай 900 ұпай

Зона 1: Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Семей, Шымкент, Тараз, Жезқазған

Зона 2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал

* Бизнес класс кейбір ішкі бағыттарда болмау мүмкін.


2. Халықаралық ұшулар

Халықаралық бағыт басқа бағыттарды қамтыса, бірақ рейс нөмірі өзгермесе, ұшу ұпайлары ұшып шығу нүктесінен соңғы бару нүктесі арасындағы арақашықтық пен сатып алынған және әуебилетінде көрсетілген класс бойынша есептеледі.

Ұпай жинауға рұқсат етілген класс кестесі:

Құн түрі
Брондау классы Ұпай саналу коэфициенті
Бизнес J C D Z
x 1.5
Толық эконом
Y x 1.25
Эконом
B H K L
x 1.0
Арзандатылған эконом
T Q S V x 0.5

Ұшып шығу нүктесі мен соңғы бару нүктесі арасындағы қашықтық бір қаладан екінші қалаға дейінгі миля өлшеу бірлігмен өлшенгендегі қашықтық болып табылады (Ticketed Point Mileage). Бұл өлшем Халықаралық Әуе Көлік Ассоциациясымен (IATA) жарияланады және кейде жаңартылып отырады. Кейде есеп-шотқа есептелген ұпайлар басып шығарылған «Nomad Club» материалдарында көрсетілген ұпайлар санына сәйкес келмейді. Бұл Халықаралық Әуе Көлік Ассоциациясының (IATA) сол кезге миля өлшеу бірлігімен өлшенетін қашықтықты жаңадан жариялағандығын білдіреді.
3. Халықаралық бағыт аялдаманы қамтыса немесе рейс нөмірін өзгертсе, ішкі бағыт үшін берілетін ұшу ұпайлары жоғарыда көрсетілген 4 тарау/а/1- ге сәйкес есептеледі. Халықаралық бағыт халықаралық аялдаманы қамтыса, ұшу ұпайлары халықаралық ережелерге сай, 4 тарау/а/2-де көрсетілгендей есептеледі.

4. Мүшелер Эйр Астана барлық тұрақты рейстерінде әуебилетіне мүшелік нөмірді енгізу арқылы жинай алады.

5. Болмай қалған ұшулар үшін ұпайлар берілмейді. Егер ұшуды басқа серіктес әуекомпания жүзеге асырса, ұпайлар Эйр Астана рейсі және сатып алынған және әуебилетінде көрсетілген класс бойынша есептеледі.

6. Мүшелер «Nomad Club» ұпайларын тек рұқсат етілген класстар бойынша ғана жинай алады. Марапат, тегін, жүлде, арзандатылған немесе серіктес компаниялар үшін арнайы тағайындаған жеңілдік, әуекомпания қызметкеріне тағайындалған жеңілдік, туристік агенттік/индустрия жеңілдіктері, нәресте әуебилеті, G классында брондалған топ әуебилеттері және тағы басқа соған ұқсас арнайы әуебилеттер үшін ұпайлар тағайындалмайды. Мына класстар бойынша ұпайлар есептелмейді: I,R,U,X,N,E,P,G,M,W.

7. Қызмет көрсетілу классын жоғарлату марапаты үшін ұпайлар алғашында брондалған әуебилеті боынша тағайындалады.

8. Ұпайлар, әуебилетін кім сатып алғанына қарамастан, әуебилетінде көрсетілген тұлғаға ғана тағайындалады. Сатып алынған, бірақ пайдалынылмаған әуебилеті үшін ұпайлар тағайындалмайды.

9. Бизнес классында (J,C,D,Z) ұшқаны үшін қосымша 50%, толық эконом классында (Y) ұшқаны үшін қосымша 25% қызмет көрсетілу классы бонусы ретінде ұпайлар тағайындалады. Бұл қызмет көрсетілу классы бонусы ұпайлары мүшенің элит мүшесі ретінде өсуі үшін беріледі. (6-шы тарауды қараңыз, «Nomad Club» -ның Элит Дәрежелері және Артықшылықтар).

10. Егер ұшу бірнеше ынталандыру бағдарламаларын қамтыса, ұпайлар соның ішіндегі тек бір бағдарлама үшін тағайындалады. Тіркеу жасалғаннан кейін, ұпайлар үшін таңдалған бағдарлама өзгертіле алмайды.

11. Бағдарламаға тіркелу алдында жасалған ұшулар үшін ұпайлар тағайындалмайды.


12. Эйр Астана бағдарламаның ұпай жинау ережелері мен шарттарын, онымен қоса ұпай жинау дәрежелерін және рұқсат етілген брондау классын өзгертуге құқылы. Эйр Астана есеп-шотқа қате есептелген ұпайларды шегеруге құқылы.

ә. Серіктес компаниялар үшін берілетін ұпайлар

1. «Nomad Club» мүшелері ұпайларды «Nomad Club» серіктес компаниялардың қызметі мен тауарларын тұтынғандары үшін жинай алады. Мұндай ұпайлар «Nomad Club» және серіктес компания арасында жасалған келісім-шартқа сай есептеледі. Әр серіктес компания бойынша өзіндік ұпай жинау жүйесі бар ерекше келісім-шарт жасалады және ол өзгеруі мүмкін.

2. Серіктес компаниялардың тізімі мен келісім-шарт ережелері жөнінде airastana.com/nomadclub веб-сайтынан немесе «Nomad Club» Қолдау Орталығына хабарласу арқылы біле аласыз.

3. Серіктес компаниялар арқылы жиналған ұпайлар бонус ұпайлары болып табылады және мүшенің Элит квалификациясының өсуіне ықпал етпейді. (6-шы тарауды қараңыз, «Nomad Club» -ның Элит Дәрежелері және Артықшылықтар).

4. Эйр Астана серіктес компаниясының бүлінген тауары немесе көрсеткен қызметі үшін жауап бермейді.

Ұпай жарамдылығы

1. Әрбір ұпайдың 24 айлық өз жарамдылық мерзімі болады, яғни есеп-шотқа түскен күннен бастап 24 ай бойы қолданылмаған ұпай қатысушының есебінен жойылады. Арнайы жарнамалық ұпайлар немесе серіктес компаниялары арқылы жиналған ұпайлар ұшу ұпайлары ретінде қарастырылмайды және олардың ұзартылуына әсер етпейді.

2. 24 ай өткеннен кейін пайдаланылмаған ұпайлар есеп-шоттан жойылады. Ұпайлар бір рет жойылғаннан кейін орнына келтірілмейді.

Ұпайларды қадағалау

1. Ұпайлар мүше есеп-шотына автоматты түрде түсіп отырады. Мүшелер өздерінің мүшелік нөмірлерін әуебилетін брондау кезінде үнемі көрсетулері қажет. Туристік агенттікте брондау кезінде, мүшелер «Nomad Club» мүшелері екендігін айтуы керек.

2. Мүшелер өз мүшелік нөмірлерін рейске тіркелу кезінде көрсетулері қажет. Бұл әуебилетін брондау кезінде көрсетілсе де, тағы қажет етіледі.

3. Мүше ұшқандығы үшін берілген ұпайлар есеп-шотта көрсетілмегенше өз әуебилеті көшірмесін, отырғызу талонының түпнұсқасын сақтауы қажет.

4. Серіктес компаниялардың қызметтері мен тауарларын пайдалану үшін берілетін ұпайларды есеп-шотқа жинау үшін, олардың қызметтерін пайдаланған кезде әрдайым мүшелік картаны көрсету қажет. Қызметті пайдаланғандығы немесе тауарды сатып алғандығын куәландыратын құжатты, ұпайлар есеп-шотқа саналмай қалған жағдайда көрсету үшін, сақтап қойған жөн.

5. Ұпайларды есеп-шотқа есептеу, ұшу ұпайлары үшін 4 (төрт) апта, бонус ұпайлары үшін 8 аптаға дейін қажет етеді.

6. Есеп-шот балансын www.airastana.com/nomadclub веб-сайтынан тексеруге кеңес беріледі. Бұл қызмет парольмен қорғалған.

Есеп-шот көшірмесі

1. Есеп-шот көшірмелері мүшелерге, шот есеп-шот кезеңінен бері бір рет те болса өзгерсе, тоқсан сайын жіберіліп тұрады. Алтын және Күміс мүшелері, егер соңғы рет алған есеп-шот кезеңінен бергі шоттарында өзгерістер болған жағдайда, есеп-шот көшірмелерін ай сайын алып тұрады.

2. Есеп-шот көшірмесі мүшеге өзі қалаған тәсілмен жеткізіледі. Мүше есеп-шотты жеткізу тәсілін интернет арқылы интернет-профайлына кез-келген уақытта кіріп немесе Nomad Club Қолдау Орталығына телефон соғуы арқылы өзгертуіне болады.

3. Егер ұпайлар есеп-шотқа қате саналса, мүше, есеп-шот қағазын алғаннан бері 3 (үш) айдың ішінде Nomad Club Қолдау Орталығына міндетті түрде хабарласуы керек. Эйр Астана ұпайларды қате саналғандығы туралы шешімді қабылдауға құқылы және мүшенің жеке есеп-шотын, қате саналған ұпайлардың кесірінен, дұрыстау үшін, мүшеден түрлі дәлелдеме құжаттарын талап етуі мүмкін. Есеп-шоттағы барлық жаңа еңгізулер мен өзгерістер келесі есеп-шотта көрсетіледі.

Саналмаған ұшу ұпайлары

1. Ұпайлар өз ретімен дұрыс саналып отырылуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалады. Алайда, егер ұпайлар есеп-шотқа саналмай қалған жағдайда, мүше ұпайларды орнына келтіру өтінішін толтыра алады. Мүше мұндай өтінішті веб-сайттан алуы немесе он-лайн тәртібінде толтырып, жіберуі мүмкін. Сонымен қатар мүше Nomad Club Қолдау Орталығына жазбаша түрдегі нұсқасын жіберуіне болады. Өтініште мүшенің аты-жөні,

Nomad Club мүшелік нөмірі және рейстің толық ұшу мағлұматтары (рейс нөмірі, күні) болуы қажет.

2. Ұпайларды орнына келтіру өтінішімен қосып, мүше толық дәлел ретінде әуебилеттің анық көшірмесі (электрондық билеттің бейнетаспадан шығарылған түрі) мен отырғызу талонының түпнұсқасын ұсынуы қажет.

3. Ұпайларды орнына келтіру өтініші ұшу күнінен кейін кемінде 12 (он екі) ай ішінде жасалуы қажет.

4. Ұпайлар, өтініш келіп түскеннен кейін, 6-8 ай ішінде есеп-шотқа түседі. Есеп-шотқа түскен ұпайлар келесі есеп-шот көшірмесінде көрсетіледі. Эйр Астана қажет еткен барлық құжаттарды сақтайды. Мүшелерге жоғарыда айтылған құжаттарды сақтауға кеңес беріледі.

5. Эйр Астана жауапкершілігі ұпайларды тек расталған транзакциялар бойынша есептеумен шектеледі. Эйр Астана есептелмеген ұпайлардың қалай және қаншасы есеп-шотқа есептелу керектігі жөніндегі шешімді өзі қабылдауға құқылы.

Марапат ұшулары

а. Негізгі шарттар

1. Марапатқа қажет ұпай санын жинаған мүше Nomad Club марапатына ие бола алады. Марапат тегін әуе билеті немесе қызмет көрсету классын эконом классынан бизнес классқа алмастыру түрінде беріледі.

2. Барлық марапаттар тек Эйр Астана жүйелі рейстері бойынша беріледі. Код-шер келісім-шарт бойынша орындалатын рейстер бойынша марапат алу мүмкін емес.

3. Марапатқа қажет ұпай саны арнайы марапат кестесінде көрсетілген. Егер марапат балаға (2 жастан асқан) тағайындалса, қажет етілген ұпай саны ересек адамға сай талап етіледі. Егер бала 2 жастан кем болса, онда марапатқа ие болған жолаушымен бірге тегін сапар шегеді. Кәмелетке толған марапаты бар бір жолаушымен екі жасқа толмаған бір ғана бала тегін сапар шеге алады.

4. Марапатқа қажет ұпай саны барып-қайту жолына көрсетілген. Егер марапат бір жақ жолға ғана керек болса, онда осы бағыт бойынша ұпайлардың тең жартысы қажет етіледі.

5. Қызмет көрсету классы марапаты тек бір бағыт бойынша ұшуға беріледі. Мұндай марапат рұқсат етілген брондау классы бойынша ғана беріледі.

6. Қызмет көрсету классы марапаты Y, B, H, K, L, T, Q брондау класстары бойынша рұқсат етіледі. Осыдан басқа класстар бойынша мұндай марапатқа тапсырыс беру мүмкін емес. Мұндай марапатқа тапсырыс беру үшін эконом класс әубилеті сатып алынып қойылуы қажет.

7. Кез-келген марапат үшін тапсырыс ұшуға дейін кемінде 5 күн бұрын жасалынуы тиіс.

8. Марапат ұшуын брондау үшін Эйр Астана Қазақстандағы және шетел сату офистеріне хабарласу қажет. Эйр Астана офистерінің тізімі Эйр Астана веб-сайтында сақталған.

9. Сіздің қалаған марапатыңызға тапсырысыңыз расталғаннан кейін, Nomad Club агенттері марапатыңызды қалай және қайдан алуыңызға болатынын хабарлайды. Марапат ұшу билетін Эйр Астана сату офистерінен алуға болады. Әдетте марапатқа тапсырыстар ұшу күндеріне байланысты кезекпен қарастырылады, бірақ кем дегенде ұшуға 5 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей жасалады.

10. Ұшу марапаты әуебилеті жазылып берілген кезде, барлық қосымша алымдар мен төлемдерді мүше өзі төлеуі қажет.

11. Мүше ұшу марапатына қажет ұпай санының жеткілікті екендігіне көз жеткізуі қажет. Егер ұпай саны жеткіліксіз болса, марапатқа тапсырыс беру мүмкін емес.

12. Ұшу марапаты тек расталған болуы қажет. Ұшу марапаты «ашық ұшып шығу күні», күту тізімі немесе расталмаған әуебеилеті мәртебесі бойынша жазылып берілмейді.

13. Егер мүше ұшу марапаты бойынша рейске келмей қалса, ол белгілі бір сома төлеп, ұшуын өзгерте алады.

14. Туристік агенттік ұшу марапатын брондай алмайды және оны жазып бере алмайды.

15. Эйр Астана өз қарауынша ұшу марапатына қажет ұпай санын өзгерте алады, белгілі бар марапатты шақырып алуға немесе белгілі бір ұшу марапатына шектеулер қоюға құқылы.

б. Марапат мүмкіндігі

1. Ұшу марапаттарына мезгілдік шектеулер жоқ. Алайда, әуекомпания ұшу марапаты орындарын кез-келген ұшу бағыты және қызмет көрсету класстары бойынша шектеуге құқылы. Сондықтан, сатуға орындар болғанмен, Nomad Club марапат орындары болмауы ықтимал. Сұраныс жоғары бағыттар бойынша ұшу марапатына тапсырысты алдын-ала берген жөн.

в. Марапатты басқа біреуге тапсыру

1. Nomad Club марапатын, брондау кезінде, мүшемен марапат иегері ретінде танылған кез-келген адам ала алады. Егер ұшу марапаты жазылып берілген болса, оны қайта басқа адамға жазып беруге болмайды және марапат иегерінің атын өзгертуге болмайды.

2. Марапат әуебилетін басқа біреуге тапсыру үшін Эйр Астана сайтына кіріп, Nomad Club бөлімінде енгізілген марапатты басқа біреуге тапсыру арнайы формасын толтырып, Nomad Club Мүшелерін Қолдау Орталығына жіберуіңіз қажет.

3. Марапатты басқа біреуге тапсыру Өтінішін берердің алдында сіз өзіңіз қалаған ұшу марапатын таңдап алып, ұпай санының жеткіліктігіне көз жеткізуіңіз қажет.

4. Кез-келген марапат үшін тапсырыс ұшуға дейін кемінде 5 күн бұрын жасалынуы тиіс.

5. Класс қызметін жоғарылату марапаты басқа біреуге берілмеуі тиіс.

6. Марапатты басқа біреуге тапсыру өтінішін беру үшін, формадағы барлық бос орындарды толтыруыңыз қажет.

7. Марапатты басқа біреуге тапсыру өтініші Nomad Club мүшесі мен жолаушының паспорт көшірмесі болған жағдайда жарамды.

8. Марапатты басқа біреуге тапсыру өтініші, көрсетілген мекен-жай бойынша немесе электронды пошта арқылы жіберіледі.

9. Nomad Club марапатын сатуға, ауыстыруға, сатып алуға немесе ақшаға айырбастауға болмайды. Егер жоғарыда айтылған себептер дәлелденген болса, Эйр Астана жолаушыны тасымалдаудан бас тартады, әуебилетін тәркілейді, және осы марапат үшін алынған мүшенің ұпай шотын жабады. Жабылған шоттағы барлық жарамды ұпайлар жарамсызданады.

г. Ұшу марапатының басқа шарттары

1. Аялдама

Егер ұшу бағыты екі сегменттен құралған болса, бір аялдама рұқсат етіледі. Қызмет көрсету классын жоғарлату марапаты бойынша ұшу аялдамалары бірінші жазылып берілген әуебилетке сәйкес болады.

2. Жер учаскесін қамтитын әуебилеті

Егер екі қала бір ұшу зоналарында орналасқан болса, жер учаскесін қамтитын әуебилетін алуға рұқсат етіледі (жолаушы бір қаладан ұшып шығып, қайтар жолын басқа қаладан жасауы мүмкін).

3. Ұшу марапатының мерзімі

Ұшу марапаты әуебилеті, жазылып берген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Ұшу марапаты әуебилетінің мерзімі ұзартылмайды және мерзімі өткен күннен кейін ол үшін ұпайлар орнына келтірілмейді.

4. Сапар уақытын өзгерту

Жүлделі билеттің ұшу уақытын ақысыз түрде бір рет қана өзгертуге болады және белгіленген класстарда бос орындар болған жағдайда ғана. Барлық келесі өзгертулер жүлделі билеттің қайтарылуын және қатысушының жеке шотынан 3 000 ұпайдың алынуын немесе 5000 теңге айыппұл төлеуін талап етеді. Осы талаптар орындалғаннан кейін ғана жаңа жүлделі билет жазылады. Ол үшін, бағдарлама қатысушысы Эйр Астана байланыс орталығына немесе билет сату кеңсесіне хабарласу керек.

5. Пайдаланбаған ұшу үшін ұпайларды қайтару

Егер ұшу марапаты толық немесе жартылай пайдаланбаған болса, оны қайтаруға болады. Орындалмаған ұшу үшін ұпайлар қайтарылады, бірақ осы марапатқа жұмсалған ұпайлар санынан айып ретінде 5000 ұпай саны шегеріледі.Мүше пайдаланбаған әуебилетін бағдарлама қолдау орталығына жіберіп, жұмсалған ұпайлар санын орнына келтіруге өтініш жасауы қажет. Ұпайлар 6 айдың ішінде орнына келтіріледі. Жартылай пайдаланған әуебилеті үшін ұпайлар қайтарылмайды. Қызмет көрсету классын жоғарлату бойынша берілген марапат пайдаланбаған болса, ұпайлар қайтарылмайды.

6. Ұшу марапатындағы басқа да өзгерістер

Бағыттың, брондау классының, жолаушының аты-жөнін өзгерту және т.б. ұшу марапатын қайтаруды және жаңа әуебилетін жазып беруде талап етеді. Егер мүше есеп-шотында жаңа ұшу марапатына қажет ұпай саны жеткіліксіз болса, онда тапсырылған жарамсыз ұшу үшін орнына келтірілетін ұпай санының есеп-шотқа түсуіне дейін 6 апта уақыт күту қажет.

7. Жоғалған/Ұрланған марапаттар

Жоғалған/ұрланған марапаттар үшін әуекомпанияның жоғалған/ұрланған әуебилеттері бойынша жазылған стандарт процедуралары іске қосылады. Қосымша ақпаратты кез-келген Эйр Астана брондау және сату офисінен немесе Nomad Club Қолдау Орталығынан алуға болады.

8. Элит дәрежелер және оларға берілетін артықшылықтар

Егер бағдарлама мүшесі Эйр Астана рейстері бойынша өте көп ұшулар орындаса, әуекомпания мұндай мүшеге Күміс және Алтын дәреже тағайындап, оған қосымша артықшылықтар ұсынады.

1. Күміс және Алтын квалификациясына жету үшін, мүше бір жылдың ішінде келесідей ұшу талаптарын орындауы қажет:

Күміс
«Nomad Club» 25 000 Ұшу ұпайы немес 30 ұшу сегменті

Алтын
«Nomad Club» 50 000 Ұшу ұпайы немес 60 ұшу сегменті

2. Келесі элит квалификациясына өту үшін тек ұшу ұпайлары мен қызмет көрсету классы бонусы ғана әсер етеді. Қалған түрлі бонустар, серіктес компаниялардың көмегімен жиналатын ұпайлар және т.б. келесі дәрежеге өту үшін әсер ете алмайды.

3. Элит дәрежесіне жеткеннен кейін бағдарлама мүшесі түрлі артықшылықтарға ие бола алады. Олар квалификациялық жылдың соңына дейін және оған қосымша 14 (он төрт) ай жарамды. Мысалы, егер мүше 2008 жылғы 01 тамыз айына 25 000 ұпай жинаса, оған «Nomad Club» Күміс дәрежесі беріледі. Бұл дәреже 2010 жылдың 28 ақпанына дейін жарамды.

4. Егер элит мүшесі ұшу ұпайы мен ұшу сегмент санын күнтізбелік жыл бойы үздіксіз жинай берсе, оның элит дәрежесі және соған қатысты артықшылықтар сақталады. Кезінде алтын дәрежеге жеткен, бірақ кейін ол бойынша квалификация ұпайы аз мүше, автоматты түрде күміс дәрежесіне төмендетіледі және осы дәреже артықшылықтарына ие болады. Соған ұқсас, күміс дәрежесіне жеткен, бірақ кейін ол бойынша квалификация ұпайы аз мүше, көк, бастапқы дәрежеге дейін төмендетіледі және осы дәрежеге тағайындалған артықшылықтармен пайдаланады. Бұл жағдайда, ұпайларды жинау үшін мүше өзінің көк картасымен пайдалануы қажет.

5. Квалификациялық кезең арасында мүше мынадай артықшылықтарды пайдаланады:

Элит дәрежесі Артықшылықтар
Күміс «Nomad Club»
  •  Ұшу ұпайының үстіне 25% бонусы
  •  Тіркеу кезіндегі артықшылық
     эконом класс бойынша сапар шекксе де, Бизнес класс тіркеу орнына тұру мүмкіндігі
  • Рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша 10 кг тегін жолжүгін өткізу
  • Жолжүк белгі заттары
  •  Ай сайынғы есеп-шот көшірмелері
Алтын «Nomad Club»
  •  Ұшу ұпайының үстіне 50% бонусы
  •  Тіркеу кезіндегі артықшылық эконом класс бойынша сапар шекксеңіз де, Бизнес класс тіркеу орнына тұру мүмкіндігі
  •  Халықаралық бағыттарда, эконом класс бойынша сапар шексеңіз де, Бизнес класс күту залына кіру мүмкіндігі
  •  Рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша 20 кг тегін жолжүгін өткізу
  •  Жолжүк белгі заттары
  •  Ай сайынғы есеп-шот көшірмелері

6. Күміс және алтын дәрежелерінің мүшелеріне ұшу ұпайларының үстіне 25% немесе 50% элит бонусы ұпайлары тағайындалады. Бонус ұпайларының саны 4 Тарауда көрсетілген ұпайларды есептеу стандартына сай есептеледі.

Ұпайлардың саналуы. Элит бонус ұпайлары элит дәрежесінің өсуіне ықпал етпейді.

7. Күміс және алтын мүшелер эконом класс бойынша сапар шексе де, бизнес класс тіркелу тұрақтарында қызмет көрсетіле алады. Бұл артықшылық бизнес класс тұрақтары бар әуежайларға ғана қатысты. Бұл артықшылыққа ие болу үшін, рейске тіркелу кезінде мерзімі жарамды күміс немесе алтын картаны Эйр Астана қызметкеріне көрсету қажет.

8. Күміс дәреже мүшесіне рұқсат етілген және билетте көрсетілген жолжүк салмағына қосымша тегін 10 кг жолжүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Алтын дәреже мүшесіне рұқсат етілген және билетте көрсетілген жолжүк салмағына қосымша тегін 20 кг жолжүгін тасымалдауға рұқсат етіледі. Бұл артықшылық тек жолжүкке ғана қатысты. Қол жүкке қатысты талаптар өзгеріссіз.

9. Алтын дәреже мүшесі бизнес класс күту залдарын пайдалана алады. Бұл артықшылық мүше эконом класс бойынша ұшса да мүмкін. Бұл артықшылық Алматы, Астана және Эйр Астана ұшатын барлық халықаралық әуежайларда бар. Мұндай артықшылықты пайдалану үшін рейске тіркелу кезінде мерзімі жарамды алтын дәрежелі мүше картасын ұсыну қажет.

10. Эйр Астана элит дәрежелері бойынша квалификациялық талаптар мен оларға тағайындалатын артықшылықтарды кез-келген уақытта өзгертуге құқылы.

7. Пароль

1. Пароль есеп-шот балансын және мүшенің жеке ақпаратын Интернет арқылы тексеру үшін қажет. Мұндай пароль, мүшенің бағдарламаға веб-сайт арқылы тіркелген уақытта немесе өз мүшелік нөмірін пайдаланып, бірінші рет жеке профайлына кірген кезде беріледі.

2. Бағдарлама мүшесі өзінің жеке паролінің сақталуына және оны басқа адамдардың пайдалануын болдырмауға жауапты.

3. Бағдарлама мүшесі, жасалған немесе жасалмағандығы туралы мәлім болса да, болмаса да, жеке есеп-шот бойынша транзакциялар әрекетіне жауапты. Эйр Астана дұрыс парольді пайдалану арқылы жүзеге асқан барлық әрекеттерді жасаған шынайы адамды анықтауды міндеттенбейді.

4. Эйр Астана парольды дұрыс пайдаланбау нәтижесінен туған кез-келген зиян немесе жоғалтулар үшін жауап бермейді.

8. Басқа ережелер

1. Эйр Астана «Nomad Club» бағдарламасын өзгертуге немесе оның әрекетін алдын-ала ескертусіз тоқтатуға құқылы.

2. «Nomad Club» бағдарламасының ережелеріндегі кез-келген өзгерістер Эйр Астана веб-сайтында пайда болған сәттен бастап барлық мүшелері үшін міндетті. Мүшелердің бағдарламаға ары қарай қатысуы, бағдарлама ережесіндегі өзгерістерге келісуі деп есептелінеді.

3. Эйр Астана «Nomad Club» бағдарламасының тоқтауы немесе оның ережелерінің өзгеруі жағдайында бағдарлама мүшелеріне хабарлауға тырысады. Алайда, Эйр Астана бағдарламада болған өзгерістерге байланысты орын алған зиян мен жоғалтулар үшін жауапкершіліктен босатылады.

4. Бағдарламаның шарттары мен ережелерін қасақана немесе кездейсоқ орындамау, Эйр Астана шешімімен мүшенің бағдарламадан шығуына және оның барлық ұпайларының, ұшу марапаттарының жарамсыздануына әкеледі.

5. «Nomad Club» материалдары ағылшын тілінен басқа тілдерде де беріледі. Сәйкессіздік жағдайында басымдылық ағылшын тіліндегі нұсқасына беріледі.

6. Бағдарламаның шарттары мен ережелері Қазақстан Республикасы заңдарына сай анықталады және іске асады.