Билеттерді онлайн сатып алып жүлде ұтып алыңыздар
Кампания аяқталды. Нәтижелері
2009 жылдың 1-маусымы мен 31-тамыз аралықтарында www.airastana.com сайтында сатылып алынған және 2009 жылдың 10-қазанына дейін қолданған барлық билеттер ойнатылуға автоматты түрде қатысады. Ұтыс ойыны 2009 жылдың 10-қазанынан кейінгі екі аптаның ішінде ойналады. Ұтыс нәтижесі сайтта жарияланады. Эйр Астана ұтыс жүлдегерлерімен хабарласады.
2009 жылдың 1-маусымы мен 31-тамыз аралықтарында www.airastana.com сайтында Эйр Астана әуекомпаниясының кез келген рейсіне тапсырыс беріп, осы сайтта онлайн жүйесінде төлем жасаған және билетті 2009 жылдың 10-қазанына дейін қолданған әр жолаушы ойнатылуға автоматты түрде қатысады, және Эйр Астана әуекомпаниясы орындайтын кез-келген бағытта екі (2) бизнес-класс билетін, және тағы басқа да жүлделерді ұтып алу мүмкіндіктеріне ие болады.
Ұтыстың шарттары:
1. Бұл ұтыстың ұйымдастырушысы - Эйр Астана әуекомпаниясы.
2. Ұтыс 2009 жылдың 1-маусымынан бастап 31-тамызына дейінгі уақыт аралығында өткізіледі.
3. Ұтысқа, Эйр Астана әуекомпаниясының қызметкерлерінен басқа, барлық жолаушылар қатыса алады.
4. Ұтысқа қатысу үшін, жолаушы Эйр Астана әуекомпаниясының кез келген бағытында ұшатын әуебилетке тапсырыс беріп, оны онлайн желісінде кредиттік немесе дебиттік карта көмегімен төлем жасап, сатып алуы керек және билетті 2009 жылдың 10-қазанына дейін қолдануы қажет.
5. Ұтыс жүлделері төмендегідей:
• Бас жүлде – Эйр Астана әуекомпаниясы орындайтын кез-келген бағыттағы екі (2) бизнес-класс билеті.
• Екінші жүлде - Эйр Астана әуекомпаниясы орындайтын кез-келген бағыттағы екі (2) эконом-класс билеті.
• Үшінші жүлде - Эйр Астана әуекомпаниясы орындайтын ішкі бағыттағы екі (2) эконом-класс билеті.
6. Бас жүлдені алу үшін жүлдегер төлқұжатын/жеке куәлігін, сонымен қатар Электрондық Билеттің және отырғызу талонының көшірмелерін ұсынуы қажет немесе брондау жасалған ұшудың орындалғандығының дәлелдемесін көрсету керек.
7. Әр жүлде бойынша ұтыскерді анықтау, 2009 жылдың 15-қазанынан кейін, Эйр Астана әуекомпаниясының Алматыдағы кеңсесінде заңгерлердің бақылауымен, Электрондық Билеттің нөмірін кездейсоқ таңдау тәсілі арқылы өткізіледі.Ұтыстың өткізілу күні әуекомпания сайтында қосымша жарияланады.
8. Жүлде иегерлері ұтыс ойыны өткізілген күннен бастап бір апта ішінде телефон арқылы хабарландырылады. Ұтыс нәтижесі әуекомпания сайтында көрсетіледі.
9. Жүлделермен марапаттау ойнатылғаннан кейін, 30 күннен кеш емес, Алматыда өткізіледі. Жүлделік билеттер берілу күнінен бастап, бір жыл ішінде қолданылу керек. Жүлдегер өз билеттерін ұшып шығу күнінен 30 күн бұрын брондау керек.
10. Жүлдені алу үшін ұтыскердің Эйр Астана әуекомпаниясына керекті құжаттарды (мысалы: төлқұжат немесе жеке куәлік) ұсына алмаса немесе әрекеттегі заңдардың өзгеруіне байланысты Эйр Астана әуекомпаниясы жүлдені ұтыскерге тапсыра алмау жағдайында Эйр Астана әуекомпаниясы жауапты емес. Егер ұтыскер жүлдені талап етпесе, Эйр Астана әуекомпаниясы жүлдені өз қарауы бойынша ұтыстан шығаруға құқылы.
Ал, егер бас жүлдені беру кезінде оның иегері кәмелет жасқа толмаған болса, онда ұтыс оның ата-анасының біреуіне беріледі.
11. Жүлделер ақшалай берілмейді.
12. Жүлдегер ұтыстан бас тартуға құқылы. Бас тарту жазба түрінде, ұтыс жүлдегері жарияланған күнінен бастап, бес (5) күн ішінде Эйр Астана әуекомпаниясының кеңселеріне жіберілуі тиіс.
13. . Барлық ұтыскерлер ұтысқа қатысу жайлы радио, теледидар арнасынан және басқа ақпарат құралдарынан жарнамалық сұхбат беруге, ешқандай қосымша төлемсіз, графикалық материалдар шығару үшін суретке түсуге келісім береді. Осы сұхбаттар мен графикалық материалдардың авторлық құқықтары Эйр Астана әуекомпаниясының иелігінде болады.
14. Эйр Астана әуекомпаниясы ұтыс уақытын созуға, жүлдені тағайындау тәртібін өзгертуге, ұтыс және ұйымдастыру тәртібі жайлы қосымша ақпаратты жариялауға толығымен құқылы.
15. Эйр Астана әуекомпаниясы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүлделерге қатысты барлық салықтарды төлеу міндеттемелерін өз мойнына алады.
16. Ұтыс жоғарыда айтылған ережелер бойынша өткізілуі тиіс. Егер дау туындаса, Эйр Астана әуекомпаниясының шешімі ақырғы шешім болып табылады, басқа тараптардың шешімі ескерілмейді.
Қосымша мәлімет алу үшін, біздің online.booking@airastana.com электрондық поштамызға немесе +7 727 2444477 телефоны бойынша байланыс орталығымызға хабарласыңыз.




