Ақпарат және қызмет

Жолаушылардың Өзін Ұстау Ережелері

Қазір: Ақпарат және қызмет > Жолаушылардың Өзін Ұстау Ережелері

«Эйр Астана» АҚ-ның саясаты

«Эйр Астана» АҚ жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысына байланысты келесі саясатты ұстанады:

  • Жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысы жайлы оқиғаларды ешбір салдарсыз қалдырмау;
  • Әуекомпанияның қызметкерлеріне жолаушылардың өзін ұстау ережелерін бұзуын алдын алу және болдырмау үшін қажетті өкілеттігін беру;
  • Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы жайлы құқық қорғау органдарына хабарлау және де ондай жолаушыны кейінгі жауапкершілікке тартуына байланысты көмек көрсету;
  • Қажет болған жағдайда әуекомпания қызметкерлерінің абыройы мен ар-намысын қорғау және жолаушы жасаған материалдық зақымды өтеу үшін сот ісін қозғау.


Жолаушының өрескел жүріс-тұрысы:

  • Егер «Эйр Астана» АҚ жолаушысы құқықбұзушылық жасаса, соның ішінде:
  • Ұшу қауіпсіздігіне немесе басқа адамның өміріне қауіпті жағдай туғызса;
  • Басқа жолаушылардың және әуекомпания қызметкерлерінің денсаулығына, ар-намысына қауіп төндіретін жағдай тудырса, оларға тіл тигізіп немесе жәбірлесе;
  • Экипаж мүшелерінің жұмысын орындауына әдейі кедергі жасаса;
  • Экипаждың қауіпсіздік талаптарын орындауынан бас тартса;
  • “Белдікті тартып алыңыз” таблосы жанғанда белдікті тартудан бас тартса және әуекемесінің бортында темекі тартуға салынған тыйым туралы әуекомпанияның саяси ережесін бұзса;
  • Қылмыстық іс жасаса;
  • Өзінің, соның ішінде алымсыз саудадан сатып алынған спирттік ішімдіктерін қолданса; әуекемесінің бортында қызмет көрсету кезінде ұсынылған ішімдіктерді қоспағанда;
  • Экипаж мүшелерінің спирттік ішімдіктерді қабылдауға қойған шектеу талаптарын орындаудан бас тартса;
  • Әуекемесі ұшу, қону және жүргізілген кезде электрондық құралдар мен аспаптарды қолданса;
  • Жарылғыш заттарды қолданумен қорқытса;
  • Басқа жолаушыларға және экипаж мүшелерінің жұмысына кедергі келтіретін қолайсыз жағдайлар тудырса;
  • Әуекомпания мүлкін бұзса және/немесе оны әуекемесі бортынан алып шықса;

Ондай жағдайларда «Эйр Астана» АҚ жолаушылардың өрескел жүріс-тұрысын алдын алу және болдырмау үшін келесі шараларды қолдануға құқылы:

  • Жолаушыны соңғы мекенге дейін тасымалдаудан бас тарту;
  • Жолаушыны ұшып келген елдің құқық қорғау органдарына тапсыру және оны кейінгі сол елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тарту.

Жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде болған амалсыз қонуға алып келген жауапкершілігі

Егер жолаушының өрескел жүріс-тұрысының нәтижесінде экипаж сол жолаушыны түсіру үшін амалсыз қонса, онда ол жолаушы амалсыз қонумен байланысқан барлық материалдық шығындарды өтейді. Егер жолаушы-құқықбұзушы амалсыз қонумен байланысқан әуекомпания зиян шеккен шығындарды өтеуден бас тартса, «Эйр Астана» АҚ зақым сомасын сот тәртібі бойынша өтеу үшін сот мекемелерінің қызметіне жүгінуге толықтай құқығын сақтайды.