Саяхат туралы ақпарат

Бейжин (PEK)

Күндер
Ұшып шығу
Ұшып келу
Рейс
Қону саны
Күндер
Ұшып шығу
Ұшып келу
Рейс
Қону саны
Ескертпе
Алматы (ALA)-Бейжин (PEK)
Бейжин (PEK)-Алматы (ALA)
-2-45-7
16:20 23:00 KC 887 0
1-3-56-
0:30 4:15 KC 888 0 B767/B757
1----6-
16:20 23:00 KC 887 0
-2----7
0:30 4:15 KC 888 0 B767/B757 from 01AUG
Астана (TSE)-Бейжин (PEK)
Бейжин (PEK)-Астана (TSE)
---45-7
12:25 23:00 KC 852/KC 887 1
1-3-56-
0:30 8:00 KC 888/KC 951 1 B757/B767/A320
1----6-
12:25 23:00 KC 852/KC 887 1
-2----7
0:30 8:00 KC 888/KC 951 1 B757/B767/A320 from 01AUG


Орындалатын күндер: 1 – Дүйсенбі, 2 – Cейсенбі, 3 – Cәрсенбі, 4 – Бейсенбі, 5 – Жұма, 6 – Сенбі, 7 – Жексенбі.
+ - ұшып келуі келесі күні
* - Серіктес компаниямен орындалады

АЛМАТЫДАН ҚАШЫҚТЫҒЫ

3257 км/ 2036миль

ҰШУ ҰЗАҚТЫҒЫ

4 сағ 30 мин

ЖЕРГІЛІКТІ УАҚЫТ

Дүниежүзілік уақыт +8 сағат

АУА РАЙЫ

Бейжиннің ауа райы муссонды континенталды. Көктем және күз мезгілі, әсіресе сәуір, мамыр қыркүйек және қазан айлары - Бейжиндегі ең жақсы уақыт. Бейжиндегі төрт жыл мезгілі ашық, көктемі бірқалыпты, күзі ашық, жаз жаңбырлы, қысы суық, қарлы болады. Жылдық орташа температурасы +11°С. Ең суық қаңтар айында орташа температурасы -4°С, ал ең ыстық шілде айында орташа темепратурасы +26°С. Қыс мезгілі суық болса да, Бейжинге баруыңызға болады, себебі осы мезгілде барлық заттарға жеңілдктер бар. Бірақ, температураның өзгеріп тұруына байланысты, өздеріңізбен бірге жылы киімдерді алып жүруіңізді сұраймыз.

ӘУЕЖАЙ

«Бейжин астаналық халықаралық әуежайы» Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжиннің солтүстік шығысында, ал қала орталығындағы Тяньаньмэнь алаңынан 25- 35 км қашықтықта орналасқан. Ол тек Бейжинге кіретін әуе қақпасы және халықаралық байланыс терезесі ғана емес, сонымен қатар, Қытай азаматтық авиация желісінің орталығы, көлемі жағынан ең үлкен, маңызды жерде орналасқан, ғимараттарға толы және тасымалдау қызу түрде жүретін халықаралық әуежай.

Әуежай салығы : Халықаралық рейстер үшін RMB 90.00 және ішкі рейстер үшін RMB 50.00 (шамамен)

* Барлық салықтар алдын ала төленеді және ұшу алдында жолаушы билетінде болуы қажет.

Қалаға баратын көлік және бағасы: Таксилер RMB 80.00 - 150.00 (шамамен)

Барып қайтатын автобустар: RMB 16.00.

КІРУ ТАЛАПТАРЫ

Барлық келушілерге кіру үшін жарамды төлұжаттарын көрсету жеткілікті. Виза жайлы ақпаратты алу үшін, Қытай өкілдігіне хабарласыңыз.

* Виза талаптары жайлы қосымша мәлімет алу үшін тікелей жергілікті көші-қон комитетіне немесе сапар агентіңізге хабарласыңыз.

Басқа елдердегідей, Қытайға келген шетел азаматтары бірнеше қадамдардан өту қажет. Алдымен Карантин тексеруінен өтуіңіз қажет. Бақылау пунктінде виза және төлқұжатыңызды көрсетуді талап етуі мүмкін және денсаулық декларация формасын толтыруыңыз керек.

Шекаралық тексеру: Бұл процедура барысында, сіз Тіркелу Картасын толтыруыңыз және, визаны, төлқұжатыңызды, карантин сертификатын тексеруге беруіңіз қажет.

АҚША БІРЛІГІ

Қытай ақша бірлігі Жен Мин Би (халық ақшасы) деп аталады және әдетте қысқаша түрде RMB түрінде жазылады. Негізгі ақша бірлігі Юань. 1 юань = 10 мао, 1 мао = 10 фэн құрайды, осылайша 1 юань = 100 фэней құрайды. Гонконгтың ақша бірлігі Гонконг доллары болса, Макаоныкы - Патака. Бұл екі ақша бірлігі Жен Мин Биге қарағанда 7%-ға құнды.

АЙЫРБАСТАУ КУРСЫ (шамамен)

1 RMB = 8 USD

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Үкімет: Дүйсенбі мен жұма аралығында 08.30-дан 17.00-ға дейін
Банктер: Дүйсенбі мен жұма аралығында 09.00-дан 17.00-ға дейін
Дүкендер: Дүйсенбі мен сенбі аралығында 09.00-дан 21.30-ға дейін

ТІЛІ

қытай тілі

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ

220 вольт, 50 гц

ТАСЫМАЛДАУ

Халықаралық көлікті жалға беру компаниялары, таксилер, қоғамдық автобустар және жерасты пойыздары.

Бейжин Халықаралық әуежайынан қала орталығына маршрутты автобус немесе такси арқылы жете аласыз.

КӨҢІЛ АУДАРАТЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Бейжин - Қытай астанасы, сонымен қатар, тарихи және мәдени қала. Ол елдің саяси, экономикалық, тасымалдау және мәдени орталығы. Мұнда көптеген әдемі мәдени және қызықты орындар бар.

Қала тиым салынған қала аталған Орталық Патшалықтың орталығы ретінде тарихта белгілі, Ұлы қабырға, Жаз сарайы, 13 императордың мазары дүние жүзінің киелі жерлерінің тізіміне кірген. Бұған қоса, қаланың төрт бұрышы, қуырылған үйрек және басқа жергілікті тағамдар туристерді таң қалдырады.

ИНТЕРНЕТ-САЙТ

www.beijingpage.com