Қатысушы нұсқаулығы
Қазақстандағы ең бірінші жолаушыларды ынталандыру бағдарламасының мүшесі болуыңызбен құттықтаймыз! Сіз Эйр Астана бағыттары бойынша ұшатын ішкі және халықаралық сапарларыңызда тегін әуебилетi немесе қызмет көрсетілу классын жоғарлату мүмкіндігіне ие болу жолындасыз. «Nomad Club» – бізді қолдағаныңыз және таңдағаныңыз үшін Сізге білдірген алғысымыз!
«Nomad Club» мүшесі ретінде Сіз Эйр Астананың ұшуларында ұпай жинай аласыз. Ұпайлар сондай-ақ біздің серіктес компаниялардың қызметтері мен тауарларын пайдаланғаныңыз үшін беріледі. Біз серіктес компаниялармен ұзақ мерзімді қызметтестік орнатуға және олардың санын арттыруға барлық күшімізді саламыз. Бұл Сізге ұпайларды аспанда ғана емес, жерде де жинауға мүмкіндік береді.
Егер Сіз қызмет барысымен немесе демалу үшін сапар шексеңіз, тек Эйр Астана әуекомпаниясын таңдаңыз. Ұпайларыңыз өте тез жиналады!
Осы нұсқаулық ұпайларды қалай жинау, оларды қалай пайдалануға байланысты және тағы басқа маңызды сұрақтарға толық жауап береді. Зейін салып оқыңыз және келешек пайдаланысқа сақтап қойыңыз.
«Nomad Club» Шарттарының толық нұсқасымен таныса аласыз.
Қосымша ақпарат үшін төмендегі байланыс бойынша хабарласыңыз:
nomadclub@airastana.com
+7 727 244 55 30
аралығында қызмет атқарады.
«NOMAD CLUB» ҰПАЙЛАРЫН ЖИНАУ
Төменде көрсетілген ережелердің көмегімен «Nomad Club» ұпайларын өте оңай жинайсыз.
Сіздің 9 сандық мүшелік нөміріңіз мүшелік картаңызда көрсетілген.
Нөмір картаның үзіп алынған уақытша түрі, көк, күміс немесе алтын екендігіне қарамастан үнемі бірдей болады.

Мүшелік нөміріңізді он-лайн арқылы билетке тапсырыс жасағанда, Эйр Астана брондау орталықтарында
немесе қалаған агенттікте міндетті түрде ұсыныңыз. Өз нөміріңізді әрдайым көрсетіп отырған жағдайда,
ұпайлардың барлығы Сіздің дербес шотыңызға автоматты түрде түсіп отырады.
Егер Сіз нөміріңізді брондау кезінде көрсетпей немесе ұмытып қалған болсаңыз, нөмірі бар картаңызды
рейске тіркеу кезінде әуекомпания қызметкеріне міндетті түрде көрсетуіңізді сұраймыз.
«Nomad Club» ұпайлары
Марапатқа алмастырылатын ұпайлардың екі түрі бар: ұшу ұпайлары және бонус ұпайлары.
Ұшу ұпайлары тек Эйр Астана ұшуларында саналады және ұпай санының артуына қарай Сіз күміс немесе алтын дәрежеге ие бола аласыз.
Бонус ұпайлары, негізінде, серіктес компаниялардың қызметі мен тауарларын тұтынғаныңыз үшін беріледі. Алайда, әуекомпания кейде кейбір арнайы бағыттар бойынша ұшу ұпайларының үстіне бонус ұпайларын тағайындайды. Мысалы, бизнес класста ұшатын жолаушылар осы класс қызметі бойынша 50% бонус ұпайларына ие болады. Бонус ұпайлары Сіздің барлық жаратылатын ұпайлар санына қосылады және марапатқа алмастырылады, бірақ Сіздің күміс және алтын дәреже мүшесі ретінде көтерілуіңізге әсер ете алмайды.
«Nomad Club» күміс және алтын дәрежелері туралы толық ақпарат нұсқаулықтың арнайы бөлімінде орналасқан.
Ішкі бағыттар
Қазақстан ішкі бағыттары бойынша Сіз бір жақ сапарыңыз үшін төмендегідей тұрақты ұпай санын жинай аласыз:
| Сапар | Эконом класс Y B H K L T Q |
Бизнес класс J C D Z |
|---|---|---|
| 1-ші немесе 2-ші зона ішінде |
300 ұпай | 450 ұпай |
| 1 және 2 зона араcында |
600 ұпай | 900 ұпай |
Семей, Тараз, Шымкент
Зона 2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал.
Ескертпе: Бизнес класс кейбір ішкі бағыттарда болмауы ықтимал
|
Өз билетіңіз бен отырғызу талонын ұпай ақпараты есеп-шот қағазына түскенше сақтаңыз. Егер есеп - шот қағазында саналмай қалған ұпайлар болса, оларды қайтару үшін Сізден билет пен отырғызу талонының түпнұсқасы талап етіледі. |
Халықаралық бағыттар
Халықаралық бағыттар бойынша ұпайлар ұшып шыққан қала мен соңғы бару нүктесі аралығындағы арақашықтық пен сатып алынған және билетте көрсетілген ұшу классына байланысты есептеледі.

Ұпайлар тегін немесе құны өте азайтылған және тағы басқа арнайы билеттерден басқа барлық билеттер
бойынша саналады. Толық ақпарат үшін «Nomad Club» Ережелері мен Шарттарын қараңыз.
Егжей-тегжейлі ақпаратты «Nomad Club»-тың Ережелері мен Шарттарынан алуға болады.
Халықаралық бағыттар бойынша берілетін «NOMAD CLUB» ұпайлары
| Сапар | Эконом класс |
Бизнес класс |
|||
|---|---|---|---|---|---|
| Y | B H K L | T Q S V | J C D Z | ||
| Алматы | Анталья | 3070 | 2456 | 1228 | 3684 |
| Бангкок | 3096 | 2477 | 1239 | 3716 | |
| Ганновер | 3843 | 3074 | 1537 | 4611 | |
| Дели | 1278 | 1022 | 511 | 1533 | |
| Дубаи | 2186 | 1749 | 875 | 2624 | |
| Лондон | 4349 | 3479 | 1740 | 5219 | |
| Мәскеу | 2408 | 1926 | 963 | 2889 | |
| Бейжин | 2445 | 2036 | 1018 | 3054 | |
| Сеул | 3251 | 2601 | 1301 | 3902 | |
| Стамбул | 3055 | 2428 | 1214 | 3642 | |
| Франкфурт | 3963 | 3162 | 1581 | 4743 | |
| Астана | Ганновер | 3199 | 2559 | 1280 | 3839 |
| Дубаи | 2465 | 1972 | 986 | 2958 | |
| Мәскеу | 1765 | 1412 | 706 | 2118 | |
| Франкфурт | 3343 | 2674 | 1337 | 4011 | |
| Ыстамбұл | 2649 | 2119 | 1060 | 3179 | |
| Ақтау | Мәскеу | 1260 | 1008 | 504 | 1512 |
| Атырау | Амстердам | 2621 | 2097 | 1049 | 3146 |
| Ыстамбул | 1509 | 1207 | 604 | 1811 | |
| Қостанай | Ганновер | 2744 | 2195 | 1098 | 3293 |
| Франкфурт | 2889 | 2311 | 1156 | 3467 | |
| Карағанды | Ганновер | 3335 | 2668 | 1334 | 4002 |
| Франкфурт | 3480 | 2784 | 1392 | 4176 | |
- Бағасы шегерілген эконом классында (брондау классы B,H,K,L) сапар шегетін жолаушылар 100% ұшу ұпайына ие болады
- Бағасы үнемді мөлшерде шегерілген эконом классында (брондау классы T,Q,S,V) сапар шегетін жолаушылар 50% ұшу ұпайына ие болады
- Эконом классында (брондау классы Y) сапар шегетін жолаушылар 100% ұшу ұпайына және 25% бонустық ұпайға ие болады
- Бизнес классында (брондау классы J,C,D,Z) сапар шегетін жолаушылар, 100% ұшу ұпайына және 50% бонустық ұпайға ие болады
Билетте көрсетілген ұшу нүктелері арасындағы арақашықтық мильмен өлшенеді және ол Халықаралық Әуе Көлігі Қауымдастығымен (IATA) жарияланады.
Жоғарыдағы кесте тек тікелей рейстерде жиналатын ұпайларды көрсетеді. Кейде тікелей рейс бір немесе бірнеше аялдамаларды қамтиды, бірақ рейс нөмірі бұған қарамастан өзгермейді. Егер халықаралық бағыт қосымша ішкі рейстерді/аялдамаларды қамтыса, ішкі бағыт арасындағы ұшу ұпайлары, бөлек, ішкі бағыттар бойынша берілетін ұпайлар кестесіне сай есептеледі.
ҰПАЙ БАЛАНСЫН ТЕКСЕРУ
Егер Сіз өз балансыңызды тоқсан ішінде үнемі толықтырып отырсаңыз, Сізге жеке есеп-шот қағазы әр тоқсан сайын жіберіліп тұрады.
Сіз өз балансыңызды кез-келген уақытта біздің веб-сайттан тексере аласыз. Сіздің орындаған ұшуыңыз немесе серіктес компаниялар қызметтері мен таурларын пайдаланғаныңыз үшін берілетін ұпайлар есеп-шотыңызға бірнеше күнде түсуі тиіс. Егер Сіз 30 күннің ішінде өз ұпайларыңызды ала алмасаңыз, жоғалған ұпайларды қайтару үшін өтініш жасауыңызға болады.
ЕСЕПТЕЛМЕГЕН ҰПАЙЛАРДЫ ҚАЙТАРУ
Сіз есептелмеген ұпайларды ұшудан кейін 12 ай ішінде қайтара аласыз. «Nomad Club» Бағдарламасына тіркелу алдында жасаған ұшулар үшін ұпайлар берілмейді.
NOMAD CLUB ҰПАЙЛАРЫН ЖАРАТУ
«Nomad Club» Эйр Астананың кез-келген бағытына тегін билет немесе қызмет көрсетілу классын жоғартлатуды ұсынады. Сіз таңдаған марапатқа қанша ұпай керек екендігін марапат кестесінен іздеңіз.
«Nomad Club» Марапат Кестесі
| Бағыт | Ұшу марапаты | Қызмет көрсетілу классын жоғарлату (бір бағытта) |
|
|---|---|---|---|
| Эконом (барып- қайту) |
Бизнес (барып- қайту) |
||
| Қазақстан іші - Зона 1 немесе Зона 2 іші |
20,000 | 30,000 | 15,000 |
| Қазақстан іші – Зона 1 және Зона 2 арасы |
30,000 | 45,000 | 20,000 |
| Қазақстан, Зона 1 және Зона 2 – Ресей (Ақтау-Мәскеу қосылмайды) |
40.000 (25,000) |
60,000 (35,000) |
25,000 (15,000) |
| Қазақстан Зона 1 – Таяу Шығыс | 40,000 | 60,000 | 20,000 |
| Қазақстан Зона 2 – Таяу Шығыс | 50,000 | 75,000 | 25,000 |
| Қазақстан Зона 1 – Индия | 30,000 | 45,000 | 15,000 |
| Қазақстан Зона 2 – Индия | 40,000 | 60,000 | 20,000 |
| Қазақстан 1және 2 Зоналары – Еуропа (Атырау-Ыстамбұл қосылмайды) |
50,000 (30,000) |
75,000 (45,000) |
30,000 (15,000) |
| Қазақстан Зона 1 - Оңтүстік Шығыс Азия/ Қиыр Шығыс |
60,000 | 90,000 | 30,000 |
| Қазақстан Зона 2 - Оңтүстік Шығыс Азия/ Қиыр Шығыс |
65,000 | 100,000 | 35,000 |
Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Шымкент
Қазақстан Зона 2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал
Ресей: Мәскеу
Таяу Шығыс: Дубаи
Индия: Дели
Еуропа: Амтсердам, Анталья, Франкфурт, Лондон, Ыстамбұл
Оңтүстік Шығыс Азия, Қиыр Шығыс: Бангкок, Бейжин, Сеул
Кестеде марапатқа қажет ұпай талаптары барып-қайту жолына негізделген. Бірақ Сіз өз қалауыңызша бір бағыт марапатына ие бола аласыз. Бұл жағдайда таңдаған бағытыңыз бойынша кестеде көрсетілген ұпайлардың жартысы қажет етіледі. Сондай-ақ Сіз Бизнес және Эконом класс марапаттарын жарты-жартыдан құрамдастыра аласыз. Біз Сіздің ыңғайыңыз үшін марапат алуды мүмкіндігімізше икемді етуге тырысамыз.
Қызмет көрсетілу классын жоғарлатуға қажет ұпай талаптары бір бағытқа негізделген. Бұл марапатты алу үшін Сіздің қолыңызда расталған және жазылып берілген әуе билеті болуы қажет.
Марапатыңызды алу тәртібі:
Ұшу марапаты
- Таңдаған марапатыңызды алу үшін қажет ұпайлардың бар екендігін өз есеп-шотыңыздан тексеріңіз.
- Эйр Астана жергілікті Брондау және Сату Орталығына хабарласып, ұшу марапатын алғыңыз келетіндігі туралы хабарлаңыз. Билетке тапсырыс ұшарға дейін кемінде 5 күн ішінде жасалуы қажет. Кез-келген туристік агенттік марапат ұшу билетін брондауға тапсырысты қабылдай алмайды және оны жазып бере алмайды.
- Эйр Астана жергілікті Брондау және Сату Орталығының қызметкері марапат әуе билетін қашан, қалай және қайдан алуды түсіндіреді.
- Марапат әуе билетін алу үшін паспортыңызды ұсыныңыз. Қосымша алымдар ұшу билетін жазып берілетін жерде төленуі қажет.
Қызмет көрсетілу классын жоғарлату марапаты
- Таңдаған марапатыңызды алу үшін қажет ұпайлардың бар екендігін өз есеп-шотыңыздан тексеріңіз.
- Эйр Астана ұшуларында марапатқа рұқсат етілген Эконом класс (Y, B, H, K, L, T, Q, S, V) әуе билетін сатып алыңыз.
- Эйр Астана жергілікті Брондау және Сату Орталығына хабарласып, қызмет көрсетілу классын жоғарлатуға өтініш жасаңыз. Өтінішті ұшарға дейін кемінде 5 күн ішінде жасауыңыз қажет.
- Қолдау Орталығының агенттері Сіздің өтінішіңіздің расталғандығын біраз уақыттан кейін хабарлайды, және қажет болған жағдайда, әуе билетін қайта көшіру үшін Эйр Астана Брондау және Сату Орталығына келуіңізді сұрайды.
|
Қызмет көрсетілу классын жоғарлату үшін қойылатын мезгілдік шектеу кезеңдері жоқ. Алайда, марапат орындары шектеулі. Марапатқа уақытында ие болу үшін ертерек өтініш беруіңізді сұраймыз. Сіздің ұшу күндеріңіздің өзгерістерге иекмді болуы, марапат орнының тез табылуына үлесін қосады. |
Элит дәрежелері
Біз өзіміздің аса жиі ұшатын жолаушыларымызға қосымша артықшылықтарды ұсынуға қуаныштымыз.
Сіздің «Nomad Club» Күміс және Алтын дәрежелерінің мүшесі болуыңыз үшін, Сіз ұшу ұпайларын жинау талаптарын бір жыл ішінде орындап шығуыңыз керек. Қажетті дәрежеге жетуіңізден кейін, Сізге элит дәрежесінің картасы жіберіледі. Сол мезеттен бастап Сіз мынадай түрлі артықшылықтарға ие бола аласыз:
- Элит бонус ұпайлары – 25% немесе 50% ұшу ұпайларына қосымша ұпайлар
- Тіркелу кезіндегі артықшылық – «Nomad Club» Күміс және Алтын дәрежелі мүшелер Эконом класспен ұшса да, Бизнес класс тіркеу орындары бар жерде қызмет көрсетілу
- Қосымша жолжүгі – рұқсат етілген жолжүгі үстіне 5 немесе 10 кг қосымша жолжүгіне рұқсат
- Бизнес класс күту залына рұқсат – «Nomad Club» Алтын мүшелері халықаралық бағыттарда Бизнес немесе Эконом класс бойынша сапарға шығу алдында әуежайларда бар Бизнес класс күту залына шақырылады.
Біз Сіздің Эйр Астанамен бірге орындайтын сапарларыңыздың жайлы және рақат болуы үшін түрлі артықшылықтарды табуға және ұлғайтуға барлық мүмкіндігімзді саламыз.
«NOMAD CLUB» Күміс және Алтын квалификацияларының
талаптары мен артықшылықтары
| Nomad Club Элит дәрежесі | Квалификация | Артықшылық |
|---|---|---|
![]() Күміс |
25,000 ұшу ұпайлары немесе 30 ұшу сегменті |
|
![]() Алтын |
50,000 ұшу ұпайлары немесе 60 ұшу сегменті |
|
|
Бизнес класс күту залдары барлық халықаралық бағыттармен қоса Алматы, Астана қалаларында бар. |





