Саяхат туралы ақпарат

Алматы Қазақстаннның оңтүстік шығысында орналасқан. Онда 1.5 миллион халық тұрады. Алматы Орталық Азияның қаржылық, экономикалық және мәдени орталығы болып саналады. Мұнда көптеген бизнес орталықтар, театрлар, мұражайлар, көркемдік галлереялары, көрме залдары, осы заманға сай ойын-сауық кешендері (кинотеартлар, казинолар, түнгі клубтар, парктер, мейрамхана, кафелер, т.б.) бар.

Алматы Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан бұрынғы астанасы, ол 1854 жылы Ресей шекаралық қамал ретінде құрылып, бүгінгі таңда шамамен 2,000,000 халық тұратын Орталық Азияның дүкендерге, қонақ үйлерге, казиноларға және мейрамханаларға бай космополиттік қаласы. Алма бақтарына толы Алма-Ата ретінде белгілі қала Іле Алатауы мен жазықтық арасында орналасқан. Қала 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері батыс нарығына қарай бет бұрды. Қазақстанның бұрынғы астанасы Алматы мемлекеттің бизнес, қаржы және мәдени орталығы болып қала береді.

Алматы - Орталық Азиядағы өз мейрамханаларымен, қонақ үйлерімен және мұражайларымен әйгілі космополиттік қала. Алматыда негізгі қолданыстағы тілдер - қазақ және орыс тілдері, кейбір адамдар ағылшын тілін де сөйлейді. Бұл қала Батыс Тянь-Шань тауларының бөктерінде орналасқан.

Медеу

Оңтүстік астанада бес стандион және теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан бірегей мұз сырғанағы Медеу спорт кешені бар. Бұл әлемнің мықты конкишілері көптеген мәрте дүние жүзілік рекордтарға қол жеткізген орын. Демалыс күндері Медеу тұрғындар және қала қонақтары конки тебетін әйгілі орынға айналады. Жеңіл атлетикалық стадион мен жаңа қысқы жүзу бассейнінің арасында орналасқан Алматы орталық стадионы 32000 көрерменге арналған.

Шымбұлақ

Бөгет арқылы өтетін негізгі жол 2230м биіктіктегі шаңғы курорты және жанында орналасқан қонақ үйлер кешені бар Шымбұлаққа әкеледі. Ұзындығы 1500м арқанды жол шаңғышыларды 3000 м Талғар шатқалындағы еңіс шаңғы жолына (теңіз деңгейінен 3163м биік) жеткізеді. Шымбұлақтан басталған жол биік тау соқпақтары мен әсерлі көріністерге бай альпинизм және жаяу жүруге арналған жерлерге апарады.

Көктөбе

Өз сапарыңызды Алматының жанындағы таулардан, яғни теңіз деңгейінен 1300м биіктікте орналасқан қаладағы ең биік нүкте болып саналатын арқанды жолы бар Көктөбеден бастаңыз. Бұл жерден қаланың және тау жоталарының әсем көріністерін көруге болады. Бұл әсіресе түнгі мезгілде Алматының барлық шамдары жанғанда үлкен әсер қалдырады. Арқанды жол ескі қала мен бақтардың үстінен өтеді. Жергілікті тұрғындар бұл жерлерді «Компот» деп атайды, өйткені көшелер жемістердің атауымен аталған.

Үлкен Алматы Көлі

Үлкен Алматы Өзені бастау алатын Үлкен Алматы Көлі теңіз деңгейінен 2,511м биіктікте және Алматының оңтүстігінде 28,5 км қашықтықта орналасқан. Жан-жағы биік тау шатқалымен қоршалған қазаншұңқырда әйнек тәріздес болып жалтырап жатыр. Көлдің айналасындағы негізгі үш биік шыңдарды бөгеттің солтүстік соңынан көруге болады: оңтүстік шығысындағы Советов (4,317 м), оңтүстігіндегі Озерный (4,110 м), ары қарай өзен алқабы және оңтүстік бастысындағы Турист орманды шатқалы (3954 м). Биіктігі 3681 м Үлкен Алматы шыңы, Батыс Туристі қала орталығынан да көруге болады. Мұзды судан бастау алатын көлдің ұзындығы 1.6 км, ені 1 километрдей, ал тереңдігі 40 м. Ақшыл көгілдір түстес көлдің жоғарғы жағында, көлден 2 км ежелгі мұзды жазықтықта, 2700 м биіктікте Тянь-Шань Астрономиялық Абсерваториясы бар. Ары қарай 8 км жүрсеңіз, Жосылкезең шатқалынан 3300 м қашықтықта орналасқан Космос Сәулелерін зерттеу станциясына жетесіз.

Шарын құзы

Шарын құзы таң қаларлық орындардың бірі. Шайылымның сол жағындағы керемет бейнелер және табиғатпен жасалған шындыққа сай келмейтін тылсым құпиялы құмдауыт ескерткіштер – Сарайлар Жазығы, Сиқырлы шатқал және тағы басқалар бар. Құз Тянь-Шанның (Алматының шығысында 193 км қашықтықтағы) солтүстігіндегі ең терең өзендердің бірі Шарын өзенінің бойымен 154 км созылады. Құз бөктерінің құламасы, бағаналары және арқаларының көтерілісінің биіктігі 150-300 метрден асады. Құздың тереңінде Мұз ғасырынан қалған сирек кездесетін ақшаған сақталған. Кей аймақтарда әлі күнге дейін өседі.

Алматыда бос уақытыңызда баруға болатын тамаша орындар баршылық... Мысалға, мұражайлар, республикалық алаң, Қасиетті Ғибадат шіркеуі, Орталық Мемлекеттік Мұражай, әсем театрлар, таулардың арасымен Шымбұлақ, Медеуге серуендеу, т.б...

Қазақ тағамдарын, әндерін және билерін көру үшін мейрамханаларға баруға болады. Олар сізге көптеген қазақ және халықаралық тағам түрлерін ұсынады. Кейбіреулерінде дәстүрлі аспаптармен сүйемелденген қазақ әндерін тыңдауға болады.

Алматының түнгі өмірі әсерлі. Мұнда сыраханалар және барлар, түнгі клубтар және казинолар бар. Қалауыңызша таңдап баруға болады. Түнгі Алматының сәулеті таң қалдырады.

Сіз әртүрлі жанрдағы көптеген театрларға бара аласыз, мысалға драма, опера, балет, т.б. Мысал ретінде, Алматы Балет Театры қайта құрылып, әсем түрге енген. Балет пен оркестр де сүйсіндіреді.

Барлық керекті ақпаратты мына жерден табасыз www.ecotourism.kz