Саяхат туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан

Солтүстік Қазақстанға Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстары кіреді. Бұл аймақ Есіл, Тобыл және Обаған өзендерінің бассейнінде Республиканың солтүстік аумағында орналасқан. Солтүстік Қазақстан облысы шығысынан батысына дейін 1300 км, ал солтүстігінен оңтүстігіне дейін 900 км аумақты алып жатыр.

Негізгі өзендері Ертіс пен оның салалары Есіл және Тобыл. Ең үлкен көлдері Қостанай облысындағы Құсмұрын және Сары Қора, Ақмола облысындағы Теңіз және Қорғалжын, Солтүстік қазақстан облысындағы Шағала, Шортан және Бурабай.

Кейбір көлдер (Павлодар облысындағы Мойылды көлі және Солтүстік Қазақстан облысындағы Майбалық көлі) өзінің емдік қасиеті бар миниралдары және батпағымен белгілі. Жергілікті климат қатаң континенталды, Республиканың басқа аймақтарынан өзінінің жұмсақ жазымен және төмен температуралы қысымен ерекшеленеді.

Көкшетау ағаштарының, көлдерінің және тауларының бірегей ландшафтылары «Бурабай» Ұлттық Табиғи Паркінің терреториясында орналасқан; оңтүстігіндегі Баянауыл тылсым үңгірлері, флорасы және фаунасы бай Қорғалжын Табиғи Қорығы сізге мұнтаздай таза табиғаттың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.

Бурабай

Аңыз бойынша, Құдай жерді жаратқанда адамдардың бір бөлігі ормандарды, жасыл жайылымдарды, үлкен өзендерді сұараса, кей адамдар әдемі таулар мен көгілдір көлдерді жаратуды сұраған екен. Бірақ Қазақ жұрты тек жазира даланы сұрапты. Бұған қапаланған қазақ жұрты жаратушыдан тамаша табиғаты бар кішкене жер бөлігін жаратуды сұраған екен.

Сонда Құдай сөмкесінің түбінде қалған таңқаларлық таулы жартастарды және мұнтаздай таза көгілдір сулы көлдерді, мұздай суы аққан бұлақтарды, гүлдермен жамылған жайылымдарды өмірсіз жатқан жазық даланың ортасында өзінің жомарт қолдарымен жаратады. Тауларды көздің жауын алатын ағаштармен және бұталармен жауып, айналасында жүздеген километр қашықтықтан таьылмайтын ормандарды түрлі аңдарға және құстарға, ал көлдерді балықтарға, жайылымдарды жәндіктер және көбелектерге толтырды. Бурабай жайнап кетті.

Солтүстік қазақстанда, Астана және Көкшетау қалаларының аралығында әдемілігін сөзбен жеткізуге мүмкін болмайтын аудан, шынайы оазис Бурабай орналасқан. География тілінде бұл аймаққа Көкшетау таулы аймағы деген атау берілсе, жергілікті жетекшілер Қазақстанның Швейцариясы деп атайды.

Бурабайдың биіктігі өте төмен: 500-600 м су деңгейінде, көлдерде 300-400м және Көкшетау тауларының ең биік нүктесі Көкшетау жартасының (Көгілдір тау) биіктігі 947м жетеді. Оңтүстігінде көркем Бурабай тауы (690м) орналасқан. Бурабай бұл түйе. Оңтүстікте Чешынские түпсізі орналасқан, оның ең үлкені Жеке Батыр (826м).

Көлдер жайлы айтқанда тек Бурабай көлі жайлы айтып қоюға болмайды. Олар көп. Ормандардың жасыл бейнесінде жарқырап көрінетін Шычи, Бурабай, Үлкен және Кіші Шыбашы, Көктұрқұл көлдері.

Көкшетау жартасынан Светлое, Қарасы, Горный, Лебединое кіші көлдерін көруге болады.Бурабайдың көрнекті орындарының бірі аттас көлде орналасқан Көгілдір шығанағы. Судың оң жағынан Жұмбақтас тауы көрінеді.

Бұл жерлерге берілген әр атаудың өз аңызы бар. Мысалға, егер Сфинкске әр түрлі жақтан қарасаңыз, бұйра шашты жас әйелдің жүзін және қарт әйелді көре аласыз.

Бурабайдың көркемдігін ертегідегідей. Таулар, ормандар және көлдердің келісімділігі тек бірегей көз тұнарлық ландшафтыны ғана емес, емдік қасиеті бар ауа-райын тудырады.

Баянауыл. Павлодар облысы, Баянауыл Ұлттық Табиғи паркі елдегі әдемі жерлердің бірі. Ол дамыған, өндірістік Екібастұз қаласынан 100 км қашықтықта орналасқан. Бұл Ұлттық Паркте төрт түрлі өсімдіктер өседі: орманды, орманды-жазықтық, жазықтық және жайылымдық. Павлодардың оңтүстік батыс бөлігінде, Ертістің оң жағалауында дүние жүзінде басқа жерде кездеспейтін Қаздардың Көшуі деп аталатын жер бар. Палеонтологистер осы жерден 7-10 млн жыл бұрын өмір сүрген жираф, носорог, гиена тәріздес жануарлардың және гиппарион (кіші жылқы) сүйектерін тапқан. Қазып алынған сүйектердің маңыздылығы зор. Олар мыңдаған түрлі топтарға жатқызылады.

Көкшетау

Көкшетау астананың солтүстігінде орналасқан. Имантау, Айыртау және Сандықтау ауылдары Көкшетаудың демалысқа арналған табиғи оазистері. Тауларда, дөңдерде және жалғыз тасты шыңдарында қарағай ағаштары, сонымен қатар қайыңдар, бәйтеректер, жапырақтылар, талдар, мамыргүлдер, үйеңкілер, т.б. ағаштар өседі.

Ормандар саңырауқұлақтарға, жидектер, құлпынай және шие тәріздес жабайы жемістерге толы. Шөптер де баршылық. Ормандарда бұғылар, борсықтар, күзендер, түлкілер, тиіндер, бұлдырық т.б. аңдар өмір сүреді.

Көптеген көлдер бар: Тұзды, Шалқар, Айыртаушық, Белое, Лобановское, Имантау.

Көкшетаудың табиғатында сирек кездесетін түрлі ғасырлар мен географиялық аймақтардың шиеленісуін көруге болады. Ежелгі қынылар мен қырыққұлақтар ағаштар мен бұталардың арасында өседі. Сібір тайгасында өмір сүретін бұғы, сілеусін, орман сусары, ақ қоян, ақкіс тәріздес жануарлар жартылай шөлейт, солтүстік жазықтарда кездеспейтін қарсақ түлкі, сарышұнақ, сұр қоян, борсықтар тәріздес аңдармен бірге өмір сүреді. Осындай табиғат көріністері адамдарды осы аймақтарға тартып тұрады.

Айыртау

Қазақ тілінде ауыл атауы «Қос тау» деген мағынаны білдіреді. Ауыл өзінің медициналық сазымен және емдік қасиеті бар суымен белгілі Шалқар көлімен шектеседі. Айыртауды қоршаған әр тау, орман немесе дөң жайлы аңыздар жеткілікті. Олардың бірінде Ресесй командирінің Есімі берілген Колчак тауы. Ақтар армиясының отряды Азаматтық соғыс (1920 жылдары) тоқтаған.

Имантау

Имантау ауылы аттас көлдің жағалауында орналасқан. Құмды жағалауы бар көлдің оңтүстігінен және солтүстігінен бірнеше өзіндер құйылады, оңтүстік бытысы және шығысында жағалаулары тасты. Суы мұнтаздай таза және мөлдір. Қайықта отырып суда жүзіп жүрген түрлі балықтарды көре аласыз.

Сандықтау

Сандықтау ауылы аңызға сәйкес шыңында алтынымен сандық тұрған тау бөктерінде орналасқан. Биіктігі тек 784 метр.

Қосымша және керекті барлық ақпаратты сіз мына жерден таба аласыз www.ecotourism.kz