Саяхат туралы ақпарат

Есіл өзенінің әдемі жағалауында орналасқан Астана қаласы (Ақмола деп те аталады) 1997 жылдан бері Қазақстан Республикасының астанасы. Бұл аймақтың ауа-райы қысы қарлы және ұзаққа созылатын қатаң континенталды мекен.

Ақмола қала ретінде 1862 жылы жарияланып, ұзақ уақыт аралығында өзінің жәрмеңкелерімен танымалы болған. Қазақстан, Ресей және Орта Азияның барлық саудагерлері осы жерде жүздескен. Тың игеру басталысымен қала Целиноград деп аталып, агро-мәдени аймақтың әкімшілік орталығына айналды.

Астана болғалы қала қауырт өзгерістерді бастан кешірді. Астана барлық үкіметтік ұйымдар, 44 елдің дипломатиялық елшіліктері және 113 мекемелер мен шетелдік кәсіпорындардың орналасқан аймақтағы негізгі бизнес орталықтардың бірі. Әр жыл сайын қалада көптеген әртүрлі халықаралық өндірістік көрмелер, конференциялар, ән кештері және фестивальдар өткізіледі.

Астананың сәулетшілері мен құрылысшылары тез даму деңгейіне сай болу үшін күні-түні жұмыс істеуде.

Биіктігі 105м Бәйтерек шыңы 97 м биіктіктен қаланы толықтай көруге мүмкіндік беретін көрме алаңы бар қаланың нышаны. 97 саны астананың Алматы қаласынан ауысу жылын білдіреді. Бәйтерек шыңы көрме, үлкен аквариум және мейрамханаларға толы.

Қалада опера және балет театрлары, драма театры және түрлі мұражайлар баршылық. Бұл ескерткіштер Астананың өткен тарихын еске түсіреді.

Қалада Қазақстан Республикасының Президентінің идеясымен құрылған жанұямен дем алуға мүмкіндік беретін орталық «Думан» ойын-сауық орталығы бар. Көптеген адамдар океанариумды мұзда сақталған корал бөлшегі тәріздес солтүстік Қазақстанның белгісі ретінде санайды. «Думан» ойын-сауық орталығындағы бірегей океанариум оңтүстік көлдерден үш мың километр қашықтықта орналасқан әлемдегі жалғыз және тек Қазақстанда ғана бар океанариум болып табылады. Ойын-сауық орталығы бірнеше тематикалық телімдерге бөлінген: Океанариум, 3D-Кинотеатр, кафелер желісі және сауда залдары, орталық аумағы демалу мен серуендеуге арналған, "Jungle" атракционы, боулинг, казино, әмбебап залдар және қонақ үй кешені.

Көңіл көтеретін орындардың бірі - Қазақстанның болашақ және тарихи қалаларының картасы көрсетілген ашық аспан астында 1,7 гектар ауданды алып жатқан Атамекен Этно Паркі. Бұл жобаға білгір сәулетшілер мен дизайнерлер шақырылып, "Kazdesign" жүзеге асырылды. Жобаның авторлары – Т. Сүлейменов, А.Ордабаев, С.Байров, А.Қажнарбаев, Н.Анарқұлов және А.Кенжетаев. Мемлекет Басшылар Аллеясы оны жанында орналасқан Саяси репрессия құрбандарына арналған монументпен жалғастырады. Картада 14 аймақ пен республикалық маңызы бар екі қала (Астана және Алматы) орналасқан. Мұнда әртүрлі табиғи климаттық аймақтар және ландшафтар, ғимараттар мен қалалар құрылысы жиынтықталып көрсетілген. Бірақ, бұл - ең бастысы тарихи және мәдени ескерткіштер. Этно мемориалдық кешен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Қазақстанның астанасында 2001 жылдың 8 қыркүйегінде ашылды. Осы жылы парк өзінің бес жылдық мерейтойын тойлайды.

Бейбітшілік және келісім сарайы

Әлемдегі барлық нәрсе уақытқа бағынышты, тек пирамидаларға уақыт әмірі жүрмейді. Бұл Мысыр елінің ежелгі тұрғындарының сөзі, олар перғауындардың есімін сақтау үшін тылсым пирамидалар салған. Мықты пирамида бізге мәңгіліктің мығым нышаны ретінде жетті. Астанадағы бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас әлемде сәулеттік діни ғимараттар жоқ. Әрине, бір шаңырақтың астында әртүрлі діни дәстүрлерді жинақтайтын ғимараттар болғанымен, Қазақстан ғибадатханасы мәнді келісімсөздер жүргізетін бір биік мұнара болып табылады. Сондықтан мұнда әртүрлі әлемнің дәстүрлі діндерінің жиналуы және Мәдени мұражайдың, Өркениет университетінің және 1500 орындық опера театрының ашылуы өте орынды. Осы барлық сән-салтанат әлемнің қолдарын білдіретін төрт мығым бағанға тірелген. Бұл Қазақстанның қонақжайлылығын, еркіндігін және діни төзімділігін көрсететін белгі болып табылады. Бірегей жобаның авторы - атақты Британ сәулетшісі Норман Фостер. Пирамида Есілдің оң және сол жақ жағалауын қосады. Болат, алюминий, арнайы әйнектік көркемдеу, бірегей техникалық ойлар, архитекторлық жаңалықтар құрылысқа қандай да бір сиқырлы бейне береді. Көрмелік лифт адамдарға жасыл алаңдар мен пирамиданың күмбезінен түсетін сәуле әсемдігін тамашалауға мүмкіндік береді. Әлдеқашан аталған Астана бақтарының жолдарымен серуендеу қызықты болар. Сонымен қатар, далаға шығып сыртқы бейнесіне көз жүгірсеңіз, Фостердің сиқырлы пирамидасын Есілдің екі жағалауынан да көруге болады. Ол түні бойы жарқырап тұрады.

Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы

Республика даңғылы және Бурабай көшесі деп аталатын Астананың екі үлкен жолының қиылысынан сиқырлы ақша қардай, көзге оттай басылатын Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығын көруге болады. Бұл Астананың әдемі архитектуралық ғимараттарының бірі. Үстінен қарағанда төрт жағында қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің нышаны тәріздес, сәуле ойнаған дөңгелек түрінде көрінеді. Түрік сәулет дәстүріне сәйкес салынған, жерден 38,5 метр жоғары тұрған көк күмбез қалаға шығыстық мән береді. Ол барлық композицияның бір төбеге косады - радиусы 19,5 метр болатын бес қабаттық мұражай. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Мұражайы мен С.Сейфуллин атындағы Республикалық Қоғамдық Мұражайды біріктіру арқылы құрылған кешен Қазақстан халқының рухани мұраларын және мәдени салт-дәстүрін сақтайтын белгілі бір “жинақтау” мекеніне айналды. Жиыны 143223 экспонаты бар мұражай қоры тақырыптық жинақтарға бөлінген: археологиялық, этнографиялық, кілем, көркем өнер, Қазақ дәстүрлі зергерлік оюлары, ат әбзелдері, ежелгі жиһаздар, тұрмыстық бұйымдар, сирек кітаптар, Қазақстан Республикасы Президентіне берілген сыйлықтар. Онда Мемлекет басшылары, басқа елдің өкіметтері және ресми делегациялар ұсынған сыйлықтар бар. Президент мәдени орталығының кітапханасы 700 мың кітаптан тұратын ең бай қордан тұрады, оның беттерінде Қазақстанның көшпенді кезеңнен бастап бүгінгі таңға дейінгі тарихы баяндалған.

Барлық керекті ақпаратты мына жерден таба аласыз www.ecotourism.kz