Арнайы ұсыныстар

Билет құнын серіктестер арқылы төлеу

Қазір: Арнайы ұсыныстар > Билет құнын серіктестер арқылы төлеу
2009 жылдың 1 қарашасынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы және «Ресей Жинақ Банкі», «Казкоммерцбанк» бірігіп, тұтынушыларға әуебилеттердің құнын төлеудің жаңа тәсілін ұсынды. Ал 2010 жылдың 1 ақпанынан бастап төлемдер «Касса 24» терминалдары арқылы да қабылданады.

Бұл қалай жүзеге асады?

1-қадам
«Эйр Астана» әуекомпаниясының тәулік бойы қызмет көрсететін Брондау және ақпарат орталығының +7 (727) 2 44 44 77 телефон нөміріне немесе Қазақстанның басқа қалаларында 58 44 77 телефонына қоңырау шалыңыз.*

2-қадам
Калаған рейске орын брондап, әуебилеттің бағасын біліп, жақын жерде орналасқан серіктес банктердің есептік-кассалық бөлімшесін немесе «Касса 24» терминалын таңдаңыз.

3-қадам
Серіктес банктердің есептік-кассалық бөлімшесінде немесе «Касса 24» терминалы арқылы төлем жасаңыз. Банк арқылы төлем жасайтын тұтынушы өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжатын, салық төлеушінің тіркеу нөмірін алып, брондау нөмірі мен әуебилеттің нақты бағасын білуі керек.**

4-қадам
Төлем қабылданғаннан кейін, Брондау және ақпарат орталығының агенті Сізге билетті электрондық пошта немесе факс арқылы жібереді.

* Семей қаласында +7 (7222) 33 57 49 және Жезқазған қаласында +7 (7102) 76 85 51 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

** Брондау және ақпарат орталығының агенті айтқан әуебилет бағасы тек сол күнге жарамды. Басқа күні төлем құны АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамына байланысты өзгеру мүмкіндігін естен шығармағаныңыз абзал.
 
Біздің серіктестер

Sberbank Logo Kaz Kom Logo