Арнайы жабдықтарды тасымалдау
Спорт жабдықтары
Егер сіз жолсапарға мынадай спорт жабдықтарын алып жүргіңіз келсе:
Шаңғы
Шаңғы немесе сноуборд ешқандай алдын-ала тіркеу жасауды талап етпейді
Жабдықтың мұндай түрі мұқият оралып, жүк бөлімінде, тіркелген жүк ретінде тасымалдануы керек.
Егер жүктің толық салмағы эконом класта – 20кг, бизнес класта - 30кг рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, оған асырымды жүк тарифы бойынша (бағдарға байланысты) қосымша төлемақы төленеді .
Бір орам:
- қос шаңғыдан;
- қос шаңғы таяқшасынан;
- қос шаңғы бәтеңкесінен немесе
- бір сноубордтан тұрады.
Бұл ереже тенниске, балық аулауға, салт жүруге (бәтеңке, ер-тоқым), бадминтонға арналған жабдықтарды да тасымалдағанда да қолданылады.
Сноуборд
Сноуборд жақсылап оралып, тіркелген жүк есебінде жүк бөлімінде тасымалданады. Көлемі 140см аса, салмағы 5кг асатын сноуборд үшін ішкі бағыттарда 2000 теңге, халықаралық бағыттарда 25 евро төленеді (одан кіші болса, тегін тасымалданады). Алдын ала тіркеу жасау қажет.
Каное
Каное тасымалдау кезінде жақсылап оралуы тиіс. Бұған арнайы спорт тарифі 4000KZT немесе 50 euro төленеді және алдын-ала брондау жасауыңыз қажет.
Велосипед
Сапар кезінде әр жолаушыға бір ғана велосипедпен сапар шегуге рұқсат етіледі. Велосипед жақсылап оралуы тиіс. Егер мүмкіншілік болса педальдарын алып, жеке орау қажет.
Арнайы спорттық жабдықты тасымалдау құны – 50 евро немесе 4000 KZT
Гольф жабдықтары
Гольф жабдықтары алдын-ала тіркеуді талап етпейді. Жабдықтың мұндай түрі мұқият оралып, жүк бөлімінде, тіркелген жүк ретінде тасымалдануы керек.
Гольф жабдықтары үшін тіркелу кезінде ішкі бағыттарда - 2000 тенге жане халықаралық бағыттарда – 5000 тенге(25 евро) төленеді.
Дайвинг құралдары.
Дайвинг құралдары алдын-ала тіркеуді талап етпейді және олар үшін жолжүкті рәсімдеу кезінде ішкі бағыттарда 2000 теңге, халықаралық бағыттарда 5000 теңге(25 евро) төленеді.
Спорт жабдықтары
Егер cіз спорт жабдықтарын тасымалдағыңыз келсе special.services@airastana.com хабарласыңыз.
Музыкалық аспаптар және сынғыш заттар
Егер сіз виолончель немесе контрабасс сияқты музыкалық аспаптарды алып жүрсеңіз мұндай жағдайда жеке орынға тапсырыс беріңіз.
Ең көп салмағы -75 кг, мөлшері 120х50х30
Гитара, саксафон немесе т.б аспаптар қол жүк ретінде тасымалданады.
75 кг жоғары және мөлшері 120х50х30 сынғыш заттарға жеке орынға тапсырыс берілуі қажет. Бұл аспаптарға алдын-ала брондау жасаңыз.
Ескерту: Теледидар және үй жабдықтары тасымалданбайды. Бұл жөнінде алдын-ала
Жүк тасымалдау Департаментіне хабарласыңыз.






