Ережелер мен Шарттар
Эйр Астана әуекомпаниясы www.airastana.com сайты арқылы билеттерді тәулік бойы брондау және сатып алу қызметін ұсынады. Билеттерді онлайн желісінде брондау кезінде Сіз ұшақ ішіндегі орныңызды және тағам түрін таңдай аласыңыз. Жүйе тұтынушыларға брондау сәтіндегі ең төменгі бағаларды көру мүмкіндігін береді. Сіздің электрондық билетіңіз электрондық поштаңызға брондау аяқтала салған сәтте жіберіледі. Енді сізге тек билетіңізді басып шығарып, оны жарамды жеке куәлікпен немесе төлқұжатпен жолаушыларды тіркеу бағанында көрсету керек.
Біздің www.airastana.com веб-сайтымызда билетті онлайн желісінде брондау үлгісін көре аласыңыз. брондау үлгісін табыңыз. Мұнда Сіз Керекті рейсіңізге байланысты ұшақтың ұшып шығу және ұшып бару қалалары, рейстің орындалу күні, ұшатын адамдар саны, ұшақ бортында қызмет көрсету класы (эконом немесе бизнес) сияқты ақпаратты таңдауыңыз қажет. Балалар үшін алатын қосымша орынды және өзіңізбен бірге ұшатын сәбилерді де осы жерде белгілеп көрсете аласыңыз. «Ұшу күнін өзгертуге болады» нұсқауын бассаңыз, жүйе белгіленген 3 күнге дейінгі және кейінгі ең төменгі бағаларды көрсетеді.Ал «Рейсті іздеу» нұсқасын басу арқылы рейсіңізді, уақытыңызды,бағаңызды таңдап, өзіңіздің жеке қалауларыңызды көрсетіп болған соң, төлем терезесіне көшесіңіз.
Бір брондаудың ішінде Сіз 9 жолаушыға дейін көрсете аласыңыз. Бұл бір топтағы жолаушылар саны, сәбилер мен балаларды қосқанда, 9-дан аспау керек екендігін білдіреді.
Билетті ұшақтың ұшып шығуынан бір сағат бұрын біздің www.airastana.com web-сайтымызға кіріп сатып алу рұқсат. Транзакцияны аяқтау үшін сізде ең көп дегенде 20 минөт уақытыңыз бар.
Брондау қадамдары
1 қадам: Ұшу уақытыңызды растаңыз. Осы кезеңде қажетті рейстің уақытын таңдаңыз.
2 қадам: Рейстерді таңдаңыз. Мұнда Сіз керекті уақыттағы керекті рейсті таңдай аласыңыз. Тариф шарттарымен мұқият таныс болыңыздар. Тариф Шарттары ұшып шығу уақытын өзгерту немесе билетті қайтару, немесе рейске келмеу жағдайларында негізге алынады.
3 қадам: Рейс туралы мәлімет. Жолаушылар туралы мәліметтер мен Төлем бетіне өтпес бұрын, бұл беттен рейсіңіз бен Тариф Шарттары туралы мәліметтерді көресіңіз. Ұшу күндері, ұшып шығу және ұшып бару қалаларын енгізу, Тариф Шарттарын таңдау сияқты мәліметтерді таңдау кезінде ерекше мұқият көңіл бөлуіңізді сұраймыз, себебі, билет сатып алынып, берілгеннен кейін, барлық өзгертулер Тариф шарттары бойынша, орнатылған ережелерді сақтай отырып жасалады.
4 қадам: Жолаушы туралы мәлімет. Бұл бетте Сіз өзіңіздің және басқа да Жолаушылардың жеке мәліметтерін енгізуіңіз керек. Мәліметтердің, әсіресе, электрондық поштаның, дұрыс көрсетілгендігіне зейін салыңыз, себебі, Брондауды растау хаты мен Электрондық билет көрсетілген Электрондық поштаға жіберіледі. Барлық өзгертулер мен қайтаруларға жасалған тапсырыстар тек осы бетте көрсетілген электрондық поштадан жіберілген жағдайда ғана қабылданады.
5 қадам: Сатып алуды растау. Бұл беттен рейс туралы толық мәліметті, оған қоса негізгі баға мен әуежайлық алымдары қосылған жасалған төлемді де көресіңіз. Билеттің Тариф шарттарын және Онлайн брондаудың Шарттарын, Тарифтерін және Ережелерін де осы бетте растауыңыз керек.
6 қадам: Бағдарды қарау. Электронды билет үшін өткізген төлемнің сәтті аяқталғандығы туралы растау осы бетте көрсетіледі. Осы жерден ұшу күні, ұшып шығу және қайту әуежайы, Тариф Шарттары, әуежай алымдарын қосқандағы Билет бағасы сияқты рейске байланысты қажетті мәліметтерді көруге болады. Жолдеректің билет емес екендігін есте сақтаңыздар. Электронды Билет брондауыңызды аяқтағаннан кейін Электронды поштаңызға бөлек жіберіледі.
Брондауды растау: бұл 6 қадам: Бағдарды қараудың көшірмесі, 4 қадамда (Жолаушы туралы мәлімет) көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Тариф шарттары
Брондау кезінде жолаушылар билет пен оның бағасына қолданылған Тариф Шарттарымен таныс болу керек.Тариф шарттары 2, 3, 5 қадамдарда жән Брондауды растауда көрсетіледі. Брондау мен төлем жасалып аяқталғаннан кейін, Брондауды растау 4 қадамдағы (Жолаушы туралы мәлімет) көрсетілген Электрондық поштаға жіберіледі. Толығырақ мәліметті Тариф Шарттары бетінен көріңіз.
5 қадамда (Сатып алуды растау) және төлем жасау бетіне өтер алдында жолаушы Тариф Шарттарын қабылдап, олармен келіскендігін білдіретін белгі қою керек.
Қайта брондау, болдырмау немесе рейске келмеуге байланысты Тариф параметрлерлерін өзгерту құқығы Эйр Астана иелігінде. Бұл өзгертулер алдын ала сатып алынған билеттерге әсер етпейді.
Кредиттік немесе Дебиттік карталар арқылы төлеу
Билетті сатып алу үшін жарамды Кредиттік немесе Дебиттік карталарын пайдалануыңызға болады. Төменде көрсетілген белгілі шектеулерді негізге ала отырып, Эйр Астана кез-келген банктің Visa, MasterCard және American Express карталарын қабылдайды.
EUR, GBP, AED, THB, CNY, INR, KRW валюта түрлерімен төлейтін болсаңыз, тек Visa және MasterCard(Cirrus/Maestro картасын қоспағанда) төлем жүйелерінің карталарын ғана пайдалануға болады.
Төлемді Қазақстандық теңгеде(KZT) жасау үшін, сіз кез келген Visa, MasterCard және American Express карталарын немесе тек Казкоммерцбанкте берілген Maestro, Cirrus дебиттік карталарын қолдануыңызға болады.
Атына билет жазылып отырған адам Кредиттік/Дебиттік картаның иесі болу міндет емес. Бірақ, кредиттік карта иесінің атынан Эйр Астана сайтында өткізілген төлем операцияларының барлығы үшін картаның иесі жауапты болып табылады.
«Төлеу» пернесін басқан сәтте Сіздің кредиттік/дебиттік картаңыз дебеттеледі.
Валюталар
Эйр Астана әр түрлі валюталармен жұмыс істейді, жалпы, ұшып шығу мемлекетінің валюталарына негізделеді. Қазақстан теңгесі (KZT) ішкі бағыттардың барлығында, Қазақстаннан халықаралық бағыттарда ұшқанда және халықаралық қалалардан ұшып шығу кезінде, өзіңізді Қазақстан тұрғыны ретінде белгілеп көрсетсеңіз, қабылданады.
Халықаралық валюталар тізімі және оларға сәйкес ұшып шығу қалалары:
EUR (Евро) - Франкфурт, Ганновер, Амстердам, Мәскеу, Новосибирск, Ыстамбұл, Анталья, Бішкек, Баку;
GPB (Британдық фунт) – Лондон;
AED (БАЭ Дирхамы) – Дубай;
THB (Тай баты) – Бангкок;
CNY (Қытай юані) – Бейжин, Үрімші;
KRW (Оңтүстік Корея воны) – Сеул;
INR (Үнді рупиі) – Дели.
Төлемді Шетелдік валютада өткізгендегі Ұстап Қалулар
Эйр Астана, айырбастау бағамына негізделмей, төлемді шетелдік валютада жасау шарттарысыз және қызмет көрсеткені үшін ұсталынатын комиссиясыз, тек төлемді жасау алдында, экранда көрсетілген соманы ғана алады. Сіздің карта беруші банкіңіз немесе төлем жүйесі өзінің ішкі ақша айырбастау бағамына негізделуі, немесе төлемді шетел валютасында жасағанда қолданатын белгілі шарттарды негізге алуы, немесе қызмет көрсету үшін қосымша комиссия ұстауы мүмкін. Егер Сіз банкіңіздің ақша айырбастау бағамын, комиссия ережелерін немесе шетелдік валютада төлем жасау кезінде қолданатын ережелерін білмеген жағдайда, төлем жасар алдында банкіңізге хабарласқаныңыз жөн. «Төлем жасау» пернесін баса отырып, Сізге бұл туралы ескерту жасалғандығын растайсыңыз. Эйр Астана Сіздің банкіңіздің немесе халықаралық төлем жүйесінің ұстаған қосымша ұстаулары үшін жауапты бола алмайды.
Қазақстан тұрғындары
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес, Қазақстан тұрғындары төлемдерді тек Қазақстан валютасы – Теңгемен (KZT) ғана жасау керек екендігін ескеріңіздер. Осыған байланысты, біз Сіздерден Қазақстан тұрғыны екендігіңзді сұрауға міндеттіміз. Расталған жағдайда, Сіздің төлеміңіз Қазақстандық валюта – теңгеде(KZT) өткізіледі.
Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы бойынша берілетін Тұрғындар анықтамасы: Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде шет мемлекетте уақытша тұрып жатқан азаматтар немесе Қазақстан Республикасының шетінде мемлекеттік қызметте жүргендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарынан басқа, шет мемлекетте сол елдің заңнамаларына сәйкес берілген, үнемі тұруға рұқсат құжаты бар азаматтар; Қазақстан Республикасында үнемі тұруға рұқсат құжаты бар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
Эйр Астана жолаушының тұрғындық мәртебесін дұрыс емес белгілегендігі үшін жауапты емес.
Брондауды өзгерту
Барлық өзгертулер жолаушының брондау кезінде енгізген Электрондық Поштасынан жіберген тапсырыс бойынша ғана жасалады. Бұл – бағдарды заңсыз түрде өзгертудің алдын алу үшін жасалан рәсім.
Өзгерту Тариф шарттарына сәйкес қарастырылу керек. Өзгертулер жасалған кезде, Тариф Шарттарында көрсетілген жағдайда, айыппұл ұсталынады.
IATA (Passenger Services Conference Manual) ережелеріне сәйкес, ұшу купондары жолаушылар купондарында көрсетілген ретпен пайдаланылуы керек. Егер берілген билетте купондардың реті бұзылған жағдайда, жолаушы тасымалданбайды, ал билетқайта өткізуге немесе айырбастауға жарамсыз болып табылады.
Электрондық билеттерде үш орфографиялық қатені түзеттуге рұқсат етіледі. Электрондық билеттегі жолаушының атын басқа атқа өзгертуге тыйым салынады. Төлқұжат нөмірін өзгерту үшін, жолаушы паспортының сканерден өткізілген көшірмесін мына Электрондық Поштаға жіберу керек: online.booking@airastana.com.
Жасалып қойған брондауға басқа жолаушыларды қосуға рұқсат етілмейді.
Билетті артқа тапсыру және Қаражатты қайтарып алу
Егер Сізге билетті артқа тапсырып, қаражатты қайтарып алу қажет болса, мұндай тапсырысты брондау кезінде енгізген Электрондық поштаңыздан осы Электрондық поштаға жіберуіңіз керек: online.booking@airastana.com
Қайтару сомасы тек Электрондық билетті сатып алу кезінде пайдаланған карточкаға ғана аударыла алады. Қайтару уақыты 5-7 жұмыс күнді құрайды.
Билетті артқа қабылдау мен қаражатты қайтару билетіңіздің Тарифінің Шарттарына сәйкес жасалады. Қайтару кезінде, Тариф Шарттарында көрсетілген жағдайда, айыппұл ұсталынады.
Рейске келмеу
Егер Сіз Электрондық билетіңізді қайтарып беруге немесе айырбастауға тапсырысты рейс ұшып кеткеннен кейін берген болсаңыз, тапсырысыңыз Тариф және Рейске келмеу шарттарына сәйкес қарастырылады.
Check My Trip
Эйр Астана Ұшу, Тариф Шарттары мен Алымдар туралы мәліметтерін көргісі келетін
жолаушылар үшін жаңа Check My Trip қызметін ұсынады.Мұндай мәліметтерді алу үшін, жолаушы Check My Trip сілтемесі бойынша өтіп, Тегі мен Тапсырыс нөмірін (6 таңбалы әріптік-сандық код) енгізеді. Нәтижесінде, жолаушы Рейс пен Тариф туралы толық мәліметтер көрсетілген Жолнама бетін көре алады.
Алаяқтықтың алдын алу
Эйр Астана алаяқтық әрекеттерін зор қауіп төндіреді деп қарастырады және алаяқтықтықтың алдын алу мен алаяқтарды соттық тәртіпте қудалау үшін, барлық қажетті шараларды қолданады. Алаяқтық күдігі туындаған жағдайда, Эйр Астана толық тергеу жүргізіп, жолаушымен хабарласа отырып, билеттің күшін жойып, алаяқтық туралы мәліметтерді тиісті органдар мен полицияға хабарлауға құқылы болып табылады. Эйр Астана жолаушымен хабарласу үшін, барлық қолда бар мәліметтерді пайдаланады (жұмыс және ұялы телефондары, Электрондық Пошта). Жолаушымен хабарласу мүмкін емес болған жағдайда, Эйр Астана билеттің күшін жояды.
Корпоративтік немесе American Express кредиттік карталарымен төленген онлайн транзакциялар 3D Secure технологиясымен қорғалмаған және Эйр Астана авиакомпаниясы үшін қауіпті болып табылады. Осыған байланысты, Эйр Астана қосымша құжаттарды (әуебилетті сатып алу кезінде қолданылған кредиттік картаның және оның иесінің жеке куәлігі немесе төлқұжатының көшірмелерін) талап етеді және бұл құжаттардың көшірмелері online_monitoring@airastana.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс немесе оларды әуежайда тіркелу кезінде көрсетуге болады.
Эйр Астана белгілеген уақытқа дейін тиісті құжаттар электрондық пошта бойынша жіберілмей, тіркеу кезінде әуебилетті сатып алу үшін қолданған кредиттік картаны көрсету мүмкіндігіңіз болмаса, әуежайда тіркелу кезінде Сізге жаңа билет сатып алу ұсынысы жасалады. Бұл жағдайда:
а) Сіз жаңа билет сатып алсаңыз да, сапарыңызды жалғастырасыз;
б) Сіз жаңа билет сатып алудан бас тартсаңыз, Сізге тасымалдау қызметі көрсетілмейді.
Көрсетілген екі жағдайда да алдыңғы жасалған брондау жойылып, ақшасы әуебилетті сатып алу кезінде қоланылған картаға қайтарылады.
Төлқұжат мәліметтері
Рейске тіркелу уақытында, брондау кезінде көрсетілген сәйкестендіру үлгісі (төлқұжат немесе жеке куәлік) талап етіледі. Халықаралық рейстер үшін халықаралық төлқұжат (Сіз 4 қадам: Жолаушы туралы мәлімет бөлімінде көрсеткен) болуы керек. Ішкі бағыттарда Қазақстан азаматтары жеке куәліктерін қолдана алады.
Ресей Федерациясының азаматтарына төлқұжаттарында аттары Латын әріптерімен жазылмаған болса, брондау кезінде, аттарын Латын әріптерімен жазуға рұқсат етіледі. Жолаушыны сәйкестендіру кезінде төлқұжат нөмірі негізге алынады. Егер төлқұжат нөмірінде Кириллица әріптері болған жағдайда, тек сандарды жазып алғаныңыз жөн.
Балалар және Сәбилер
Балалардың жасы 2-12 жас аралығында, сәби жасы – 0-2 жас аралығында деп белгіленген. Балалар ересек адамдардың қарауларында ғана саяхаттау керек. Балалар мен сәбилерді брондау жасалып аяқталғаннан кейін билетке қосуға болмайды. Толығырақ мәлімет алу үшін, Балалар, сәбилер және ересек адамдардың қарауынсыз сапар шеккен балаларды тасымалдау ережелері бөлімін қараңыздар.
Шот-фактураны ұсыну
Жолаушы online.booking@airastana.com электрондық поштасына тапсырыс жіберген болса, Эйр Астана электрондық шот-фактура ұсына алады. Эйр Астана басқа кез келген ұйым немесе Компанияларға арналған шот-фактураның басқа түрлерін ұсына алмайды, себебі, Эйр Астана билеттерін тек жеке тұлғаларға ғана рәсімдейді.
Тұтынушыларды онлайн қолдау қызметі
Кері байланыстың ең кең таралған және тез жолы болып электрондық поштаға жіберілетін хаттар табылады. Элетрондық поштаға жіберілген тапсырыстар бірінші кезекте қарастырылады. Дегенмен, Эйр Астана электрондық пошта жүйелерінің дұрыс емес қызмет көрсету жағдайларына жауапты емес, сонымен қатар, электрондық хаттарды бұғаттайтын вирустар мен спамдарға қарсы сүзгілер мен жүйелерге және т.б., Эйр Астана компаниясы бақылау жүргізбейді. Жауап немесе хатты алу туралы растау алмаған жағдайда, растау алу үшін, біздің байланыс орталығымызға мына телефон бойынша хабарласқаныңыз жөн: +7 727 2 44 44 77.
Қауіпсіздік
Қауіпсіздік мақсатында, Эйр Астана Кредиттік немесе Дебиттік карталардың нөмірлері, CVC2/CVV2 кодтары және қолдану мерзімінің аяқталуы сияқты маңызды мәліметтерді сақтамайды. Барлық төлемдер Visa, MasterCard және American Express төлем жүйелерінің толық сертификаттауын өткен компаниялар арқылы өтеді.
Басқа сайттарға сілтемелер
Эйр Астана сайтында үшінші жақтар орналастырған Интернеттегі басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Үшінші жақтардың сайттарында орналастырылған өнімдер, қызметтер немесе ақпараттар үшін Эйр Астана жауапты емес. Үшінші жақтардың сілтемелері Сіздерге қолайлы болу үшін ғана орналастырылған және Эйр Астана оған ешбір қолдау көрсетпейді. Үшінші жақтардың сілтемелерін пайдаланған үшін өзіңіз жауапты болып табыласыңыз.
Мерзімдер мен Шарттардың қолданылуы
Экрандағы нұсқауды [check box] басу арқылы, Жолаушы онлайн брондаудың барлық Мерзімдерімен және Шарттарымен, 5 қадамдағы Тарифтің барлық Шарттарымен келісіп, оларды болашақта таласқа түсірмеуіне келісімін береді.






