Вакансиялар
Әкімшілік бөліміне Ғимаратты пайдалану жұмыстарының технигі
Жүйелік талдаушы
Сапа кепілдеу бөлімінің аудиторы
Техникалық қызмет қауіпсіздігі бойынша үйлестіруші
Ағылшын, орыс, қазақ тіліндерінде жазылған түйіндеме мен фотосуретіңізді төмендегі мекен-жайға жіберіңіз:
Қызметкерлерді басқару депаратаменті
Эйр Астана
050039 Алматы қаласы, Ахметов көшесі, 4А
Эйр Астана Орталық 1
E-mail: hr@airastana.com
Тел.: +7 727 258 4135 / 36 / 37 / 38
Факс: +7 727 259 8704
Әкімшілік бөліміне Ғимаратты пайдалану жұмыстарының технигі
Кандидатқа қойылатын талаптар
- Жоғары немесе орта – арнаулы білім
- 1000 В дейін кіру рұқсаты бар 3-4 деңгейлі электрик
- Қосымша талаптар: қазіргі заманғы ғимараттардың инженерлік жүйесін білу
Міндеттері
- Ішкі электр жүйелерін жедел жөндеу жұмыстары, канализация, су құбыры, жылыту жүйелері, желдету және ауа алмастыру жүйелері бойынша қызмет көрсету және ұсақ жөндеу жұмыстары
- Ұсақ ағаш ұсталық жұмыстары.
Жүйелік талдаушы
Үміткерге қойылатын талаптар
- Ақпараттық Технологиялар саласында жоғары білім;
- Ақпараттық Технологиялар саласында кем дегенде 2 жыл жұмыс істеу тәжірибесі болу керек;
- Microsoft операциялық жүйелері мен қосымшалары мен Multi Tiered бағдарламалық жобалау және мәліметтерді өңдеу саласындағы Relational Databases, Object Oriented Methodology және бағдарламалау мен технологиялар салаларында тәжірибелік білімі болу керек.
- Авиациялық өндіріс және/немесе Amadeus Брондау жүйесін білгені абзал
Міндеттері
- Жаңа жүйелер бойынша тұтынушылардың тапсырыстарын талдау және ерекше нұсқамалардың әзірлемелерін бағалау
- Жаңа жүйелердің ендірілуін іске асыру
- Қосымшаларға жүйелік қолдау көрсету
- Қосымшаның өнімділік мониторингін жасау, сапа бақылауы мен кепілдігі
- Жүйенің жаңартылуы мен түрлендірілуін жобалау және іске асыру
- Теникалық құжеттар мен әкімшілік актілерін құру және жаңарту
- Жаңа қолданушыларды қолдап, оларға тренингтер өткізу.
- Тапсырыс бойынша қосымшаларды жобалау және оларға қолдау көрсету.
Корпоративтік дамыту маманы
Талапкерге қойылатын талаптар:
- Жоғарғы білім (заңгерлік болғаны абзал)
- Ағылшын тілін жақсы меңгерген (орташа деңгейден жоғары болғаны абзал)
- ДК (Word, Excel, e-mail меңгерген)
- Жаңа білімді тез қабылдауға икемділік
- Ұқыптылық, жауапкершілік, көлемі үлкен жұмысты атқара алу
- Іскерлік хат алысу, хаттарды дайындау және рәсімдеу ережелерін білу
Міндеттері:
- Корпоративті Хатшыға Акционерлермен қарым-қатынас жасау мәселелеріне, үйлестіру, Директорлар кеңесінің мәжілісі мен Қоғам акционерлерінің жиналыстарын үйлестіруге,дайындауға және өткізуге жәрдемдесу және техникалық қолдау көрсету
- Мемлекеттік және қоғамдық органдар үшін Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы таныстыру және ақпараттық материалдарын дайындау.
- Өз құзыретінің мәселері бойынша компания қызметін реттейтін ұйымдардың салған ресми сұрауларына жауаптар дайындау
- Қоғамдық қызмет мәселелері бойынша хаттар мен басқа да құжаттардың жобаларын дайындау
- Тікелей басқарушының басқа да тапсырыстарын орындау
Сапа кепілдеу бөлімінің аудиторы
Кандидатқа қойылатын талаптар
- Жоғарғы білім (авиация саласында)
- Авиациялық техника саласында жұмыс істеу тәжірибиесі 3 жылдан кем емес
- Ағылшын тілін жақсы білу (техникалық терминологияны білгені дұрыс)
- Компьютер жүйелерін жақсы білу (Word, Excel, e-mail)
- Тәртіптілік, жауапкершілік, ұқыптылық, үлкен ауқымда жұмыс істеу қабілеті
- Көп ішінде жұмыс істеу қабілеті
Міндеттері
- Тиімділікті жақтау үшін және сапа кепілдік жүйесінің ММОЕ, ЕРМ -ге енгізілген процедураларға және дерективтерге сәйкес болуы үшін Ішкі және сыртқы аудиттерді орындау, тиісті есептеме дайындау
- Ішкі және сыртқы аудит орындалған кезде айқындалған кемшіліктерге анализ жасау
Техникалық қызмет қауіпсіздігі бойынша үйлестіруші
Кандидатқа қойылатын талаптар
- Кандидатқа қойылатын талаптар
- Теория мен іс жүзіндегі инженерлік қамтамасыздандыру саласындағы тәжірибесі
- Инженерлік-техникалық қамтамасыздандыру саласында білімі болуы шарт
- Ойын жазбаша және ауызша айқын жеткізу қабілеті
- Кез келген адаммен тіл табыса білу қабілеті
- Өз бетімен жұмыс істеу қабілеті (қысым көрсететін жағдайларда бекемді болу)
- Сенімді болу және коммерциялық құпияға жататын мағлұматтарды жарияламау
- Авиациялық оқиғаларды тергеу саласында біліктілігінің және жұмыс істеу тәжірибесінің болғаны абзал
- Адамдық факторлардың ұшу қауіпіздігіне келтіретін ықпалдарын жақсы білу
- Сапа кепілі саласында білікті болу және жұмыс істеу тәжірибесі
- Компьютер жүйелерін жақсы білу
Міндеттері
- Қажет жағдайда Ұшулар қауіпсіздігі үйлестірушісінің орнына қызмет атқару
- Техникалық қамтамасыздандырудың қауіпсіздік стандарттарын әзірлеу және қадағалау
- Техникалық қамтамасыздандыру қызметтері үшін тренингтер мен оқу курстарын өткізуді үйлестіру виациялық апаттардан сақтап қалу және ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру бағдарламаларын енгізу
- Техникалық қамтамасыздандыруда кеткен қателіктерді айқындау бағдарламасын орындауда көмек көрсету Әуекомпанияның басшылығына, техникалық қамтамасыздандыру бойынша құзырлы тұлғаларға әуекмелерін қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсетілуіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат беру
- Халықаралық және Ұлттық авиацияда ұшулар қауіпсіздігі бойынша қабылданған жаңа әзірлемелер жөнінде хабарлау
- Авиациялық тергеу менеджеріне оқиғаларды зерттеуде көмек көрсету, әсіресе Инженерлік-техникалық қамтамасыздандыру мәселелері бойынша жәрдемдесу
- Авиациялық тергеу менеджеріне оқиғаларды зерттеуде көмек көрсету, әсіресе аудит бағдарламалары бойынша жәрдемдесу
- Компаниядағы ұшу қауіпсіздігін нығайту әсіресе:
- Компания қызметкерлерінің арасында сенімді нығайта білуі қажет
- Компаниядағы сыртқы және ішкі тәуекелдерді дұрыс айқындай білуге жәрдемдесу
- Қызметкерлер мен құзырлы тұлғаларды техникалық қамтамасыздандырудың тәуекелдерін азайтуға үйрету
- Корпоративті қауіпсіздік департаментімен біріге отырып әуе кемесіне зиян келтіруі мүмкін табиғи
- Кедергілерді алдын-ала ескерту мәселелерін үйлестіру
Ресейдегі Новосибирск қаласының әуежайында жерде қызмет көрсету менеджері
Үміткерге қойылатын талаптар
- Жоғары білім, әуекомпанияда/ жолаушыларға немесе әуежайда жерде қызмет көрсету саласында басқарушы қызметінде кем дегенде екі жыл жұмыс істеу тәжірибесі
- Әуежайдағы операциялық жүйелерді жақсы менгеру (DCS RTB) Amadeus and Ms Office.
- Жолаушыларға қызмет көрсету ережелерін, Load Control негіздерін және әуежайдың жердегі қызмет көрсетуін басқаруды жетік менгеру
- Жұмыс тәжірибесі және жердегі қызмет көрсетудің барлық сатыларын жетік менгеру
- Әуежайдағы жерде қызмет көрсетудің (ICAO/IATA) және жергілікті атқарушы органдарының белгілеген қауіпсіздік нормаларын және барлық рәсімдерін білу және олармен жұмыс істеу тәжірибесі
- Адамдармен тіл табысу, қиындықтарды шешу, адамдарды көндіру қабілеттілігі, мәселелерді шешуге творчестволық жағынан келу, зейінділік
- Орыс, ағылшын тілдерін еркін менгеру және қазақ тілін білген жақсырақ
Міндеттері
- Әуежайда Эйр Астана қызмет көрсету сапасын үнемі арттыру, дамыту және монитринг өткізу.
- Жердегі қызмет көрсету басқармасына барлық жағдайды үнемі хабардар ету
- Әуежайдағы жерде қызмет көрсететін жұмыскерлерге мерзімімен тренингтер өткізу
- Ұшақтардың қауіпсіздігі мен мерзімімен жерде қызметпен қамтамасыз етілу жауапкершілігі
- Терминалда Эйр Астана Брэндингін қамтамасыз ету жауапкершілігі
- Әуежайдағы жерде көрсетілетін қызмет сапасы үшін жауапкершілік
- Басқа бөлімдердегі әріптестермен жақсы қарым-қатынаста болу
- Станцияның
- әуежай басшылығымен
- әуежай әкімшілігімен
- келісімге отырған серіктестермен
- басқа да әуекомпаниялармен
- ресми және мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс атқаруына жауапты болу.






