Саяхат туралы ақпарат

Қазақстандық визаларды алу ережелері

Қазір: Саяхат туралы ақпарат > Қазақстандық визаларды алу ережелері

Егер сіз осы елге сапар шеккіңіз келсе, төмендегі берілген виза талаптары жайлы ақпарат сізге көп көмегін тигізеді.

1. Әзербайжан, Армения, Беларусия, Грузия, Қырғызстан, Молдова*, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан және Украина* сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамына кіретін мемлекеттердің азаматтарына Қазақтанға келу үшін кіру визасы қажет емес. (* Молдова және Украинадан басқа, Молдова азаматтары 90 күнге дейін, ал Украина азаматтары 3 айға дейін Қазақстанда визасыз бола алады).

2. Басқа шет елдердің азаматтары Қазақстанға келу үшін кіру визасын алулары қажет.

3. Кіру визаларының көптеген түрі бар, олар:

Visa Description
Іскерлік виза Іскерлік (іскерлік келіссөздер, форум, нарық зерттеулерін жүргізу үшін) мақсатымен, Қазақстан территориясында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтініші бойынша келген шет ел азаматтарына беріледі.
Туристік виза Лицензиясы бар жергілікті саяхат агенттіктердің өтініштері бекітілгенінен кейін беріледі.
Транзиттік виза Баратын мемлекетке кіру визасы, ұшу күндері мен Қазақстандағы транзиттік мекен көрсетілген билеті бар жолаушыларға Қазақстандағы портқа немесе станцияға келгеннен кейін 5 күн ішінде беріледі.
Дипломатиялық виза Дипломатиялық төлқұжаты бар, кей кезде заңды түрде қажет болғанда жолаушыларға беріледі. Дипломатиялық визалар консулдық төлемдерсіз рәсімделеді.
Қызметтік виза Дипломатиялық қызметші болып саналмайтын халықаралық ұйымдар мен шетел дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының үкімет органдырының шақыруымен іс-сапарға келген шетел азаматтарына беріледі.
Инвесторлық виза Қазақстан нарығында жұмыс істейтін және іскерлік жобаларды дамытуды жоспарлаған үлкен шетел компанияларының менеджерлеріне және өкілдеріне – ерекше инвесторларға беріледі.
Жұмыс визасы Жұмыстық визалар Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне байланысты шаралардан басқа, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат пен қосымша құжаттарды тапсырғаннан соң беріледі.
Оқу визасы Білім мекемелерінің өтініш беру арқылы көші-қон полициясының рұқсатымен беріледі.
Медициналық виза Белгілі бір мекемелер мен ұйымдардың өтінішімен, шақыру мақсаты айқындалған, емдеу, медициналық тексеру, кеңес алу үшін шақырылған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына беріледі.
Тұрақты тұру визасы Заңға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін беріледі.
ЕСКЕРТУ Қазақстанға келгеннен кейін виза берілмейді

4. Кіру визасын алу үшін сіздің төлқұжатыңыз жоспарланған ұшу күнінен кейін кем дегенде 6 ай ішінде жарамды болуы тиіс. Рұқсат алған соң, виза төлқұжатқа жапсырылады.

5. Әр виза алу өтініші шақыру қағазымен расталуы қажет.

6. Ресми бір мәрте, жеке, іскерлік және туристік визаларды алу үшін төмендегі мемлекеттердің азаматтарына шақыру қағазын тапсыру қажет емес:

АҚШ, Аустралия, Аустрия, Бельгия, Біріккен Араб Эмираттары, Венгрия, Греция, Дания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Исландия, Исраил, Ирландия, Италия, Канада, Корея Республикасы, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланд, Норвегия, Польша. Португалия, Сауд Арабиясы, Сингапур, Словак Республикасы, Ұлыбритания, Франция, Финляндия, Хорватия Респубикасы, Швейцария және Швеция.

7. Егер шақырған ұйым мемлекеттік емес ұйым болса, бірнеше мәрте, іскерлік және туристік визаларды алу үшін Ішкі Істер Министрлігінің Көші-қон полициясының рұқсаты қажет.

8. Кіру визасына өтінішті тұрғылықты мекен-жай бойынша Қазақстанның дипломатиялық немесе өкілдік кеңселеріне беру қажет. Сіз барлық Қазақстан дипломатиялық кеңселерінің тізімін осы сайттың мына бөлімінен таба аласыз: “Саяхат Жайлы Ақпарат / Дипломатиялық елшіліктер/Шет елдерде (Қазақстанда)”.


9. Визаға өтініш бергенде, сізде мына құжаттар болуы тиіс:

a. Жарамды төлқұжат;
b. Төлқұжатқа арналған фотосурет;
c. шақыру қағазы.

Құжаттарды тапсыру кезінде консул сізден басқа құжаттарды талап етуі мүмкін.

10. Дипломатиялық визадан басқа, барлық визаға төлем төлеу міндетті.

11. Толығырақ ақпарат алу үшін мына вебсайтқа кіргеніңіз жөн: www.mfa.kz