Қажетті ақпарат

Орталық Қазақстан

Қазір: Қажетті ақпарат > Қысқаша Қазақстан туралы > Орталық Қазақстан

Орталық Қазақстан аумағы 398,8 шаршы км алып жатыр. Халқы 17,3 мың адам. Халықтың тығыздығы әр шаршы километрге 4,5 адам, 86% қалалар мен ауылдарда тұрады. Орталық Қазақстан Табиғи ресурстарға бай.

Әлемдегі ең үлкен көлдердің санатына жататын Балқаш көлі және бірегей таулы орманды жер Қарғалы Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы) орналасқан. Альпинистер көркем Ұлытау тауларына таңырқай көз жүгіртеді. Mountaineers will not be indifferent to the picturesque Ulutau Mountains. Бұл аймақ археологиялық және этнографиялық көзқараспен қарағанда ескерткіштерге бай аймақ ретінде саналады.

Сарыарқа. Еркін және жазық Сарыарқа: шығысында көркем гранитті массиф Қарқаралы, Кент, Қызылрай тауларымен, батысында Теңіз көлі мен Ұлытай тауларымен, солтүстігінде Есіл өзенімен, ал оңтүстігінде Бетбақ дала шөлімен шектелген, қазақ халқы ұзақ уақыт бойы билеп төстеген жазық дала Сарыарқа деп аталады.

Табиғат байлықты аямай берген жер. Жерасты табиғи ресурстары мол. Бұл жер Еуразия континетінің қысы жазы жайылымы бола алатын жүрегі және таулары көгілдір түспен жарқырайды... Бұл аймақ ойдағыдай жаңбырлы емес. 200 көлден тұратын Теңіз көлі аққулардың, қаздардың, үйректердің, тырналардың және аққұтандардың отаны ретінде саналады.

Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық Табиғи Паркі. Қарқаралы деген атауы қазақтың әйелдерінің дәстүрлі қарқара деп аталатын моншақтармен көркемделіп, жібек, вельвет және үкінің қауырсындарын қолданылып тігілетін бас киіміне сәйкес алынған. Осы қарқара тәріздес қарқаралы таулары кемпірқосақтың барлық түстерімен жарқырайды. Ол биік және қатысты түрде кішірек: ең биік нүктесі Комсомол (теңіз деңгейінен 1,403м биік) және айналасындағы таулардан 400-500 м биігірек. Бұл жердің толық көлемі шамамаен 1000 шаршы км. Тауларда түрлі шөптер мен қайың және емен ағаштары өседі. Жартастардың, таулардың, жазықтардың, көлдердің, өзендердің атауларын осы жерлерде тұрған адамдар берген: Қыран шыңы, Сүйікті тау, Қызыл Құс белесі, Қызыл Тау жартасы және көлдер: Mirror Deep, Plough, Шайтанкөл.

Шайтанкөл жайлы аңыздар жетерлік. Олардың бірінде Сұлушаш атты әдемі қыз өз ауылынан Қызы тауға қашып, онда жолбарысты кездестіріп, қатаң жануардан қорыққанынан көлге секіріп батып кеткен туралы айтылады.

Басқа аңызда шайтан адамдар болмай тұрып Қарқаралы тауларында мекен еткені жайлы айтады. Бір күні жолбарыс оған шабуылдаған екен. Одан құтылу үшін шайтан көлге секіріп, батып кетіпті-мыс.

Қарасор көлі (Тұздыгүл) 250 шаршы км жерді алып жатыр. Көл балыққа толы. Көлдің құрамындағы тұз мөлшері теңіз суындағыдан да жоғары. Түбіндегі батпақтың емдік қасиеті мол. Бұл көлге шамамен 10 кішірек өзендер құяды.

Балқаш көлі. Аңыз бойынша Балқаш атты бай адамның Іле дейтін сұлу қызы болыпты. Бірде Балқаш той жасап, жеңген адамға өз қызын әйелдікке беретіні туралы жариялайды.Іле қойшы Қараталды сүйгендіктен, оған жеңуге көмектеседі. Бірақ Балқаш қызын Қараталға беруден бас тартады. Ғашықтар қашуға бел буады. Оларға қуып жете алмаған ашулы әке екеуін өзенге, ал өзін олардың арасындағы көлге айналдырады.

Балқаш көлі көлемі бойынша Каспий және Арал теңіздерінен кейін тұрады. Оның ұзындығы 614 км, ені 35-тен 44 км дейін созылады, максималды тереңдігі 26м. Балқаш көлінің ерекшелігі - қысаң шығанақ арқылы қосылатын батыс пен шығыс жақтарының су құрамы әртүрлі. Батыс бөлігіне Іле өзенінің суы құйылады және бұл бөлігі таза, ал шығыс бөлігі тұзды. Балқаш табиғатының түрлілігі көркем.

Бектуата тауларының тізбегі Солтүстік Балқаштық оазисі болып табылады. Бектуатаның алқызыл шыңдары 1,000 км қашықтықтан көрінеді. Оларды Балқаштың бағыттаушы сәулесі деп атауы жай емес, айқын аспан астында 100км қашықтықта көрінеді. Бектуата айтарлықтай үлкен (4000 гектар) болмағанмен әртүрлі үлкен жартастар мен әдемі шатқалдардан тұрады. Үңгірлерден сіз сирек кездесетін таулы кристал морионды таба аласыз.

Граниттер ойға келмейтін әртүрлі формаларда сақталып, оларға саңырауқұлақ, бағана, тасбақа, т.б. тәріздес атаулар берілген.

Өмір құпияларын өз бойында сақтаған көптеген ежелгі ескерткіштер мен қорғандар баршылық.

Сарыарқаның әр аудандарында орналасқан мемлекетпен қорғалатын 88 археологиялық қазбалар бар. Ақтасты және Қылыш қорғандары, Дермен ауылы, Айдарлы үңгірі, Қарасы қыстауларының қорғандар тобы, т.б.

XVIII ғасырдың мәдени археологиялық үлгілерінің бірі Ақ Бекет мазары. Мазар киіз үй тәрізді дөңгелек формада салынған.

Сонымен, Орталық Қазақстанды ғасырлардың қиылысқан жері деп атауға болады. Археологиялық қазбалар көрсеткендей Сарыарқа жазығы Ұлы Жібек Жолының дәстүрлі және мәдени аймағына кіреді.

Сарыарқаға барған әр тұлға көптеген таңырқалық жайттарға кез болатынына күмән келтірілмейді.

Қосымша және қалаған барлық ақпаратты сіз мына жерден таба аласыз www.ecotourism.kz