Nomad Club

Қош келдіңіз

Қазір: Nomad Club > Қош келдіңіз

“Nomad Club” жолаушыларды марапаттау бағдарламасының вебсайт парағына қош келдіңіз. Бағдарлама 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап іске қосылды.

01 желтоқсаннан бастап Сіз он-лайн режимінде немесе қатысу туралы өтінішін қағазын толтыру арқылы «Nomad Club»-тың қатысушысы бола аласыз. Жолаушыларды тіркеу кезінде Сізге қатысушының уақытша картасы беріледі. Бағдарламаға тіркелгеннен кейін «Эйр Астана» әуекомпаниясының рейстерінде кем дегенде бір рет ұшсаңыз, онда Сізге қатысушының тұрақты пластикалық картасы жіберіледі.

Nomad Club – қысқаша шолу

  • Сіз қатысуға тіркелген сәттен бастап ұпайлар жинай аласыз.
  • Ұпайлар Қазақстан ішкі бағыттары және халықаралық бағыттар бойынша жиналады.
  • Неғұрлым көп ұшсаңыз, соғұрлым көбірек ұпай жинайсыз. Сіз бағдарламаның қарапайым көк карта ұстаушысынан, кейінірек, «күміс» және «алтын» ұстаушысына айналуыңыз мүмкін. Бұл ұшу үшін жинаған ұпайларыңызға байланысты болады. Элит дәрежесінің мүшесі ретінде Сізге көптеген артықшылықтар беріледі. Олар – рейске тіркелу кезіндегі артықшылық, қосымша бонустар, рұқсат етілген жолжүк үстіне қосымша тегін жолжүгін тасымалдау мүмкіндігі, қандай класпен ұшсаңыз да, арнайы бизнес класс күту залдарына кіру мүмкіндігі (тек «алтын» карта иегерлері үшін) және тағы басқалар.
  • Бастапқыда "Nomad Club" бағдарламасы тек «Эйр Астана» ұшулары бойынша ұпайлар жинауға мүмкіндік береді. Алайда, біз келешекте серіктес компаниялармен ынтымақтасу және олардың санын арттыру арқылы жолаушыларға ұпайларды екі жақты жинауға мүмкіндік береміз деген ойдамыз. Біздің серіктес компаниялар ретінде қонақүйлер, әмбебап дүкендер, мейрамханалар, автомобиль жалға алу қызметі және тағы басқалар болмақ.
«Люфтганза» әуекомпаниясының «Miles and More» бағдарламасымен қызметтестік

Франкфурт, Ганновер, Лондон қалаларына жиі ұшатын жолаушылар 2007 жылғы қараша айынан бастап «Люфтганзаның» «Miles and More» бағдарламасы бойынша ұпайлар жинай алады. Броньдау және тіркеу кезінде «Miles and More» бағдарламасына қатысу нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.

Nomad Club немесе Miles and More бағдарламасымен қызметтестік жөніндегі сұрақтарыңызды nomadclub@airastana.com элоктрондық поштасына хат жазу арқылы қоя аласыз