Ұпайларды пайдалану
Ұпайларды пайдалану
Сіз Nomad Club бағдарламасының қымбатты қатысушысы болғандықтан, эксклюзивті өтеу бағдарламамыздың көмегімен көптеген тамаша артықшылықтарға қол жеткізесіз. Жинаған ұпайларды жүлделі ұшуға және қызмет класын жоғарылатуға айырбас жайлы білу керек ақпараттың бәрін осы жерден табасыз.
Нақты бағытқа ұпайлар саны
Тегін ұшу мен қызмет класын жоғарылатуды Air Astana-ның қалаған кез келген бағытына пайдаланыңыз. Рейсіңіздің дерегін енгізіңіз де ұшуға қажет ұпай санын біліңіз. Сізді келесі сапарыңыз Nomad Club-пен бірге күтеді.
Марапат аймағы
Саябырлаған маусым
Маусым ортасы
Шарықтаған маусым
Қазақстан Зона 1 немесе Зона 2 ішінде
5000 NC ұпай
7500 NC ұпай
10,000 NC ұпай
Қазақстан Зона 1 және Зона 2 арасында
8000 NC ұпай
12 000 NC ұпай
16 000 NC ұпай
KAZ Z1 және 2 - Мальдив аралдары
24 000 NC ұпай
40 000 NC ұпай
48 000 NC ұпай
KAZ Z1 немесе Z2 және Дубай
15 000 NC ұпай
25 000 NC ұпай
30 000 NC ұпай
KAZ Z1 және Үндістан
9000 NC ұпай
15 000 NC ұпай
18 000 NC ұпай
KAZ Z2 және Үндістан
12 000 NC ұпай
20 000 NC ұпай
24 000 NC ұпай
KAZ Z1 және 2 және Еуропа
15 000 NC ұпай
25 000 NC ұпай
30 000 NC ұпай
KAZ Z1 және 2 (Атырау, Ақтау) - Ыстамбұл
12 000 NC ұпай
20 000 NC ұпай
24 000 NC ұпай
Атырау, Ақтау – Ыстамбұл
9000 NC ұпай
15 000 NC ұпай
18 000 NC ұпай
KAZ Z1 және Оңтүстік-Шығыс Азия/Қиыр Шығыс
18 000 NC ұпай
30 000 NC ұпай
36 000 NC ұпай
20 марапаттың 1-10 көрсетілген

Саяхат жайлы армандарыңызды жүзеге асырып, Nomad Club-пен түрлі елдерді аралап көріңіз. Көшесі жанға толы Алматыдан Лондонның танымал көрікті жерлеріне дейін – біздің бағыттар шытырман оқиғаға жол ашады. Күн сәулелі Оңтүстік-Шығыс Азия, мейлі мәдениетке бай Еуропа болсын, әр жердің өзіндік қайталанбас әсері мен жадыңда қалар естелігі бар. Әлемді аралауға бізбен бірге ұшыңыз.

KAZ Z1: Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Шымкент

KAZ Z2: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал

Үндістан: Дели

Еуропа: Амстердам, Анталия, Франкфурт, Лондон

Түркия: Ыстамбұл

Оңтүстік-Шығыс Азия/Қиыр Шығыс: Пхукет, Бангкок, Сеул, Бейжің

Қырғызстан: Бішкек

Әзірбайжан: Баку

Өзбекстан: Ташкент

Тәжікстан: Душанбе

Грузия: Тбилиси, Батуми

Мальдив: Мале

Батыс Қытай: Үрімші


Nomad Club марапаттарын алу сәтіне келсек, біз сізді саяхатта теңдессіз әсерге бөлегенімізді мақтан тұтамыз. Көрсетілген ұпайлар біздің сан алуан бағытымыздың сапардағы бір жаққа жетуін ғана білдіреді. Алайда ең қызығы: сіз саяхатыңызды екі еселей аласыз, ол үшін екі жаққа жету жүлделі билетін сатып алып, кестеде келтірілген қажетті ұпай санын екі есе көбейтесіз. Өзіңізді авантюрист сезіндіңіз бе? Бизнес-кластағы жүлделі билеттің жартысы мен эконом-кластағы жүлделі билеттің жартысын қосыңыз. Біз сізге жүлделі сапарды өз қалауыңызға сай дербестендіруге мүмкіндік беруге ұмтыламыз.                                                                                                                                                                                                                                                                                                           Қызмет класын жоғарылатуға келсек, аударылған ұпайлар бір бағыттың жол ақысына ғана жарамды. Алайда ұшар алдында тиісті класс бойынша расталған және рәсімделген брондау барына көз жеткізген маңызды. Біз Nomad Club аясында сапарыңызды жайлы әрі шынымен пайдалы етуге ұмтыламыз. 


Біз маусымдық және сұраныс шегі коэффициентіне қарай жүлделі билет алудың үш лимитін ұсынамыз: 


Саябырлаған маусым: сұраныс азайғанда ұшу ұпайы төмендегенін пайдаланыңыз, себебі бұл сапарыңызды анағұрлым бағалы етеді.


Маусым ортасы: сұраныс өсуіне қарай ұпай саны шамалы көбеюі ықтимал, бұл белгілі бір бағыттар мен уақыттың танымалдығын білдіреді.


Шарықтаған маусым: мереке немесе фестиваль сияқты саяхат қызған кезде төленетін ұпай саны сұраныстың өсуіне орай шарықтау шегіне жетуі мүмкін. 


Қашан сапарға шығатыныңызға қарамастан, бұл көп деңгейлі жүйе ұпай құнын барынша көтере алатыныңызға кепілдік береді. Күтпеген жерде саяхат іздеп немесе қызық демалысты жоспарласаңыз да, әлемді қалағаныңыздай зерттеп білу үшін, Nomad Club сізге керегінше икемділік береді.

Ұпайларды пайдалану тәсілдері
Жүлделі билет алу

Nomad ұпайларын жүлделі билетке ауыстырып, саяхатыңызды бүгін бастаңыз да дүние жүзіндегі ұмытылмас әсерді сезініңіз.

Қызмет класын жоғарылату

Nomad Club-пен билетіңіздің қызмет класын жоғарылатыңыз де жайлы премиум-кластың сән-салтанатына бөленіп, сапар бойы рақаттаныңыз.

Марапат алу тәртібі
Марапатты ұшулар
  • Өз шотыңызды тексеріп, ұпайлар саны таңдаған марапатыңызға жететініне көз жеткізіңіз. 
  • Ұшуды Air Astana-ның марапат билеттерін брондау, ұпайларды сатып-алу және аудару беттерінде онлайн немесе брондау орталығына не сату кеңсесіне хабарласып брондаңыз. Ұшуды қалаған сапар күніне дейін 3 жұмыс күні бұрын брондау қажет. Сіз үшін марапатты тасымалға туристік агенттіктер брондау жаса алмайды. 
  • Марапатты растағаннан кейін Nomad Club агенттері сізге әуежай алымдарын төлеу жайлы электронды түрде хабарлайды.
Қызмет класын жоғарылату
  • Өз шотыңызды тексеріп, таңдаған марапатыңызға ұпайлар саны жететініне көз жеткізіңіз.
  • Air Astana әуекомпаниясының брондауға рұқсат етілген класынан жатын эконом-класқа немесе эконом-класқа билет сатып алыңыз.  
  • Бизнес-класта орын брондағанға Air Astana-ның брондау орталығы немесе сату кеңсесіне хабарласыңыз. Қызмет класын жоғарылатуға өтінішті қалаған сапардың күніне дейін 3 жұмыс күні бұрын жібере аласыз. 
  • Брондау орталығының мамандары қызмет класын жоғарылату өтініші қашан расталатынын және билетті қайта жазуға кеңсеге алдын-ала келу керек пе, хабардар етеді. 
  • Жүлделі тасымалға маусымдық шектеу жоқ, бірақ бөлінген орын саны шектеулі, сондықтан жүлделі ұшу сапарын мүмкіндігінше ерте брондауға тырысыңыз. Ұшу күнін шамалы өзгерте алсаңыз, онда қалаған сапарыңызға бос орын табу мүмкіндігі де өседі. 
Тіркелу кезіндегі апгрейд

Бизнес-класқа билет алып немесе қызмет класын жоғарылатып үлгермесеңіз, әркез ұшар алдында арнайы қызметті пайдаланып, тіркелетін жерде ұпайларды бизнес-класқа апгрейдке ауыстыра аласыз. Сіз сондай-ақ бизнес күту залына тегін қол жеткізіп, ұшар алдында демала аласыз. 

 

Сізге білу керегі:

 

  • Қатысушыға Nomad Club ұпайлары бастапқыда эконом-класта сатып алған билеті негізінде есептеледі;
  • Тіркелу кезіндегі апгрейд қызметін үшінші тұлғаға беруге болмайды;
  • Ұпай есебінен қызмет класын жоғарылатса, әуекомпания жеке жол жинағымен және бизнес-класс тағамымен қамтитынына кепілдік бере алмайды;
  • Тіркелу кезіндегі апгрейд қызметі тек бір бағытқа көрсетіледі. Ұшып болған соң ұпайлар қайтарылмайды;
  • Тіркелу кезіндегі апгрейд қызметі тек бір жолаушы көрсетілген брондауға қолданылады;
  • Қатысушыға жүк алып өту нормасы мен бизнес-кластың күту залына өту мүмкіндігі қызмет класын жоғарылатқаннан кейін ғана қолжетімді болады;
  • Air Astana тіркелу кезінде апгрейд алуға орын санын шектеу құқығы бар екенін мәлімдейді. 

Сізге білу керегі:

 

  • Тіркелу кезінде MySEAT қызметін үшінші тұлғаға беруге болмайды;
  • Тіркелу кезінде MySEAT қызметі тек бір бағытқа беріледі. Ұшып болған соң ұпай қайтарылмайды;
  • Air Astana тіркелу кезінде MySEAT алуға орын санын шектеу құқығы бар екенін мәлімдейді.
  • Қызметті пайдалану үшін әуебилетті брондағанда қатысушы нөмірін енгізуді өтінеміз.
Nomad Club-қа мүше болуСаяхаттың бірегей мүмкіндіктерін тамашалағыңыз келсе, Nomad Club-қа бүгін мүше болыңыз. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз – қазір тіркеліңіз де эксклюзивті туристік артықшылықтар, басымдықтар пен теңдесі жоқ сапарлар әлемінің кілтін иеленіңіз!
Жиі қойылатын сұрақтар

Nomad Club бағдарламасына тіркелу үшін, келесі қарапайым қадамдарды орындауыңызды өтінеміз:


1. Сілтеме бойынша өтіңіз.


2. Тіркелу үлгісін толтырыңыз: есіміңізді толығымен латынша, жынысты, жеке электрондық пошта адресін, ұялы телефон нөмірін, туған күнді жазыңыз және аккаунт құпия сөзін таңдаңыз. Сондай-ақ Nomad Club бағдарламасының Ережелерімен және шарттарымен танысыңыз.


3. Тіркелуді аяқтау үшін электрондық адресіңізге аккаунтты іске қосуға сілтеме жіберіледі.


4. Тіркелу кезінде көрсеткен электрондық пошта адресіндегі сілтемемен өткен соң, қатысушы нөмірі жіберіледі. Бұл дерек бірегей болуы тиіс. Бірнеше бағдарламаға тіркелуге бірдей электрондық пошта адресі мен телефон нөмірін пайдалануға болмайды. Тіркелу 2 жас және одан жоғары жастағы тұлғаға қолжетімді. Nomad Club виртуалды қатысушы картасын бағдарламаға тіркелгеннен кейін біздің веб-сайтымызда жеке кабинетіңіз немесе мобильді қосымша арқылы қол жеткізе аласыз.

1. Тіркелуді әуекомпанияның сайтында өз бетіңізше келесі сілтемемен жасай аласыз.


2. Бала 2 жасқа толса, бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаның әр қатысушысының өз электрондық пошта адресі мен телефон нөмірі бар. Қолданып қойған электрондық пошта адресін/телефон нөмірін байланыстыруға болмайды. Сондықтан балаға жаңа электрондық пошта адресін ашу немесе өзге қатысушы қолданбайтын басқасын (телефон нөмірі де солай) көрсету қажет.

Nomad Club ұпайларын пайдаланып қызмет көрсету класын келесі үш тәсілмен жоғарылата аласыз:


1. Сату кеңсесіне барып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш беріңіз.


2. Брондау және ақпарат орталығына хабарласып, қызмет көрсету класын жоғарылатуға өтініш қалдырыңыз.


3. Қызмет көрсету класын көрсетілген сілтемеге өту арқылы сайттағы есептік жазбаңызбен онлайн жоғарылатыңыз. 

Сұраныс жіберуБасқа сұрақтарыңыз бар ма?
КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫНА ӨТУ
Байланысты тақырыптарNomad Club бағдарламасы туралы толығырақ біліңіз
Арнайы ұсыныстарАрнайы ұсыныстар
Қатысу дәрежелері мен марапаттарҚатысу дәрежелері мен марапаттар
Серіктес күту залдарыСеріктес күту залдары
Ережелер және шарттарЕрежелер және шарттар